ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекесі Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен 2023-2024 оқу жылы төмендегі мамандықтар бойынша 1 сыныпқа түсуді жоспарлаған барлық үміткерлер үшін консультациялар өткізетіні туралы хабарлайды:

  • арнайы фортепиано;
  • скрипка, альт;
  • виолончель, контрабас, арфа;
  • халық аспаптары;
  • үрмелі және ұрмалы аспаптар;

Консультациялар үміткерлердің табиғи музыкалық қабілеттерін (есту қабілетін, ырғағын, музыкалық жадын, интонациясын, аспапқа деректерін анықтау және т.б.) анықтауға тестілеу өткізуді көздейді.

Консультацияларды бөлім педагогтері қысқы каникул кезеңінде, 2023 жылғы 5-6 қаңтарда ақысыз негізде өткізетін болады. Кандидаттың бірнеше мамандық бойынша консультация алуға, сондай-ақ есту қабілетін, ырғағын және т.б. қабілеттерін тестілеуге құқығы бар.

Консультацияларға қатысу үшін үміткердің ата-анасы (заңды өкілі) белгіленген мерзімде онлайн форматта мектеп-интернаттың жауапты тұлғасына өтініш пен баланың туу туралы куәлігін жібереді. Өтініш негізінде келу өңірін, әрбір аспап бойынша үміткерлер санын және т.б. ескере отырып, консультациялар кестесі әзірленеді. Кестеде үміткердің тегі, консультация өткізу күні, уақыты мен кабинет нөмірі көрсетіледі. Кесте міндетті түрде мектептің сайтында жарияланады. Басқа қалалардан келетін үміткерлер үшін ата-аналардың қалауы бойынша тұру жағдайларымен танысу үшін мектеп жанындағы интернатқа экскурсия өткізілуі мүмкін.

Өтініштерді қабылдау - 2022 жылғы 25 қараша мен 25 желтоқсан аралығында электрондық форматта (сканерленген) Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасы арқылы жүргізіледі. 

Тел: 8 (727) 394-94-60

28 желтоқсанда консуьтациялар кестесі мектептің сайтында жарияланады!

Педагогтердің қазылар алқасы құрамында онлайн конкурстарға қатысуына байланысты консультациялар кестесін сақтауды сұраймыз.

Ата-аналардың (немесе заңды өкілдердің) назарына !!!

Инфекциялық аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау қажет:

  • кез келген аурудың белгілері бар үміткерді конкурсқа әкелмеу;
  • үміткерді консультацияға кешіктірмей алып келу, аяқталғаннан кейін бірден алып кету керек.

 

Әкімшілік

2023-2024 оқу жылы оқуға түсетін кандидаттарға арналған конкультациялар өткізу - Өтініш