ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» РММ – Қазақстанда және одан тыс жерлерде аты танымал музыкалық оқу орны. К.Байсейітова атындағы мектеп немесе айрықша сүйеспеншілікпен аталған «Байса» – бұл музыкаға дарынды балаларды кешенді оқытуға арналған бірегей оқу орны. Осы мектепте балалар жоғары музыкалық және шығармашылық оқу орындарында оқуын жалғастыруын көздейтін мамандандырылған музыкалық білім және жалпы орта білім алады.

К.Байсейітова атындағы республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп 1948 жылы Мәскеудің  Орталық музыка мектебінің үлгісі бойынша (1935 жылы Мәскеу консерваториясы жанында Балалар бөлімі негізінде ашылған) КСРО Министрлер Кеңесінің 1948 жылғы 22 қыркүйектегі № 2708 қаулысына және Қазақ КСР-нің 1948 жылғы 22 қыркүйектегі № 857 қаулысына сәйкес ұйымдастырылған. Мектеп ашудың басты міндеті Қазақстан Республикасында музыкаға дарынды балаларды анықтау, іріктеп алу және кейіннен оқыту болған. Осы мақсатта жаңадан құрылған мектеп педагогтерінің республиканың шалғай аудандарына дарынды балаларды іздеу үшін ұзақ шығармашылық іссапарлары ұйымдастырылған.

1957 жылы  «КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті Күләш Байсейітованың есімін мәңгі есте сақтау туралы»  Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1957 жылғы 14 тамыздағы  қаулысына сәйкес мектепке қазақтың біртуар әншісі, қайталанбайтын «бұлбұл» дауысты дарын иесінің аты берілген.

«Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 Жарлығына сәйкес «дарынды балаларға арналған мектептер желісі» құрылады. Осыдан кейін, ҚР Үкіметінің арнайы қаулысымен (19.04.2000 ж. № 604) мектеп елімізде алғашқылардың қатарында жаңа мәртебеге ие болып,  он екі жылдық оқу мерзімімен «К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі (РММ) деп аталды.

Күләш Байсейітованың 100-жылдық мерейтойына орай 2011 жылғы 15 қыркүйекте мектептің аумағында әйгілі әншіге ескерткіш –  бюст орнатылды. Бұл айтулы оқиғаның мәні ерекше, өткені аталған туынды Қазақстанда К.Байсейітованың тұңғыш ескерткіші болды. Ескерткіштің авторы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  Т.Бинашев.

06.04.23 1

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» РММ қызметінің негізгі мақсаттары:

  • дарынды балаларды іріктеу, анықтау және қолдау, оларды мамандандырылған музыкалық білім беру жүйесі арқылы кәсіби тұрғыдан бағдарлау;
  • қазіргі заманғы жаңа жағдайларда ойлап әрекет етуге қабілетті шығармашыл, жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу;
  • педагогикалық ұжымның тәжірибесі мен әлеуетін біріктіріп, музыкаға дарынды балалардың жеке дамуы, шығармашылық қабілеттерін іске асыруы және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін, тиімді оқу-тәрбие жүйесін құру;
  • ішкі және әлемдік нарықтарда білім беру қызметтері мен түлектердің кәсіби құзыреттілігіне, бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу арқылы музыкалық-орындаушылық өнер саласындағы мамандарды даярлау;
  • білім беру стандартының талаптарына және лицензияға сәйкес оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету;
  • қазақстандық қоғамның адамгершілік, мәдени құндылықтарын сақтап арттыру;
  • мектеп оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қазақстандық патриотизмге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, жауапкершілігін, дербестігін, шығармашылық белсенділігін дамыту.

Мектеп келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • жас музыканттарды даярлау саласында эксперименттік-педагогикалық жұмыстар жүргізу, оқу-тәрбие процесіне жаңа педагогикалық  технологияларды интеграциялау, музыкаға дарынды балалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бейімделген оқу бағдарламаларын іске асыру;
  • оқушылардың шығармашылық өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, музыкаға дарынды балалардың рухани және әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту;
  • заманауи әдістемелерді, технологиялар мен бағдарламаларды мектеп жағдайына бейімдеу, жаңа үлгідегі оқулықтар мен құралдарды пайдалану, музыка өнері саласында көркемдік-эстетикалық және кәсіптік білім берудің авторлық әдістемелерін, технологиялары мен бағдарламаларын әзірлеу;
  • әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да халықтардың тарихын, музыкалық мұрасын зерделеу.

К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ-нің мәртебесі мен құрылымы үш деңгей бойынша мамандандырылған музыкалық жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын күндізгі оқыту формасында іске асыруды көздейді:

1. бастауыш мектеп 1-4 сыныптар;

2. негізгі орта мектеп 5-9-сыныптар;

3. жалпы орта мектеп 10-12-сыныптар.

Оқыту мерзімі – 12 жыл. Оқу 24 сынып-жинақтарда екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) жүргізіледі

Мектеп түлектері мынадай құжат түрлерін алады:

  • Негізгі орта мектепті аяқтағаны туралы аттестат (9 сынып);
  • К.Байсейітова атындағы мамандандырылған музыкалық мектепті аяқтағаны туралы куәлік;
  • Жалпы орта мектепті аяқтағаны туралы аттестат (12 сынып);

Мектепте оқыту төмендегі бөлімдер мен музыкалық мамандықтар бойынша жүргізіледі:

  •  арнайы фортепиано бөлімі (фортепиано);
  • скрипка және альт бөлімі (скрипка, альт);
  • виолончель, контрабас және арфа бөлімі (виолончель, контрабас, арфа);
  • үрмелі және ұрмалы аспаптарда эстраданы музыкалық орындаушылық бөлімі (флейта, гобой, кларнет, саксофон, фагот, валторна, труба, тромбон, туба, ұрмалы аспаптар);
  • халық аспатары бөлімі (домбыра–тенор, шертер, домбыра-прима, бас шертер, бас-домбыра, қобыз-прима, қыл–қобыз, бас қобыз, сырнай, баян);
  • музыка теориясы, тарихы және композиция бөлімі;
  • хормен дирижерлеу бөлімі;
  • оркестрмен дирижерлеу бөлімі (орындаушылық мамандықтарының оқушылары үшін);
  • міндетті фортепиано бөлімі (пианистерден басқа барлық мамандықтардың оқушылары үшін);
  • концертмейстерлік шеберлік бөлімі (пианист оқушылар үшін);
  • камералық ансамбль және квартет бөлімі (музыка теориясы мамандығы және хор дирижеры мамандығынан басқа оқушылар үшін).

Оқушылардың кәсіби дағдыларын, сондай-ақ орындаушылық және сахналық шеберліктерін оқытып дамыту сондай-ақ функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін мектепте шығармашылық ұжымдар ұйымдастырылған: симфониялық, камералық, халық аспаптары, үрмелі аспаптар, эстрадалық-симфониялық оркестрлер, оқушылар хоры, скрипкашылар, виолончелистер, фольклорлық аспаптар, сондай-ақ қобызшылар мен домбырашылар ансамбльдері және т.б. Осы бірегей музыкалық шығармашылық топтарда дарынды балалар ерте жастан бастап кәсіби оркестранттар мен музыканттар ретінде өз қабілеттерін көрсете алады.

Мектептегі тәрбие процесінің мынадай ерекшеліктері – психологиялық  жайлылыққа жағдай жасау, әр баланың айрықша құндылығын тану, мінезінің жағымды жақтарына сүйену, педагогтердің балаларға құрметпен қарауы   олардың жан-жақты дамуына, өсуіне және тұрақты кәсіби құндылықтары жүйесінің қалыптасуына ықпал етеді. Оқытушылық қызмет жетістікке ұмтылған, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тәрбиелеуге, шығармашылық диалог атмосферасын құруға, қолдауға және дамытуға, мұғалім мен оқушының бірлесіп жұмыс жасауына, оқу мақсаттарына жетудің иновациялық жолдарын іздеуге бағдарланған қазіргі заманғы тұлғаны тәрбиелеу талпынысына негізделген.

Оқушылардың жеткілікті музыкалық дарындылығын және олардың әрі қарай мектепте кәсіптік оқуға жарамдылығын анықтау үшін 1, 4, 9-сыныптарға  қабылдау және ауыстыру конкурстық негізде жүргізіледі. Жеткілікті кәсіби және орындаушылық дағдыларын көрсете алмаған, бірақ үздік музыкалық қабілеттері  бар оқушылар комиссияның шешімі бойынша басқа бөлімдерге немесе тұрғылықты жері жалпы орта білім беретін оқу орындарына ауыстырылады. Қорытынды емтихандарды өткізу кезінде қорытынды аттестаттау комиссияларының мүшелері мен төрағалары ретінде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияның, Қазақ Ұлттық өнер университетінің және мәдениет пен өнер саласындағы басқа да оқу орындарының алдынғы қатарлы педагог-профессорлары, атақты қайраткер-музыканттар шақырылады.

Музыка бөлімдерде оқушылардың білімін академиялық бағалау жүйесімен қатар (бақылау сабақтары, теоретиктерде музыкалық викториналар, басқа музыкалық бөлімдерде музыкалық шығармаларды емтихандық тыңдаулар) өтеді, жалпы білім беру бөлімінде білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес оқушылардың білімін бақылаудың жаңа мемлекеттік жүйесі енгізілді – критериалды бағалауға негізделген формативтік және жиынтық бағалау, ол бағалаушы тарапынан субъективті тәсілді қолдануды болдырмайды.

Басшылығының тынымсыз қызметі арқасында К.Байсейітова атындағы РММОМИ-нің музыкаға дарынды балаларды даярлау міндеттерін жоғары шығармашылық, теориялық және әдістемелік деңгейде шешуге қабілетті кадрлар әлеуеті бар. Мектептің барлық бөлімдерінде пікірлес-оқытушылардың тамаша, ауызбіршілігімен ерекшеленген ұжымы жұмыс істейді, олар өздерінің мақсаттары мен міндеттерін жақсы түсініп,  «шығармашылық», «шеберлік» және «кәсіп» деген сөздердің мағынасын біртұтас конгломератқа біріктірген. Оқытушыларының көбісі – мектептің бұрынғы түлектері, олар өздерінің сүйікті «Байса» мектебінің оқыту және тәрбиелеудің дәстүрлері мен сабақтастығын ұқыпты сақтап келеді.

Педагогтер ұжымы өкілдерінің заманауи эксклюзивті авторлық әдістемелері, бағдарламалары және жас музыканттарды оқыту мен тәрбиелеу ісінде үлкен тәжірибесі бар мамандар, дарынды балалармен жұмыс жүргізудің түрлі инновациялық формалары мен әдістерін қолданады. К.Байсейітова атындағы мектеп ұжымының педагогикалық қызметі отандық музыкалық білім беру теориясы мен практикасының дамуына елеулі үлесін қосқан. Ол орындаушылық мектептердің қалыптасуына, музыкалық орындаушылықты оқыту әдістемесінің жетілуіне, балалардың музыкаға дарындылығы теориясының дамуына ықпал етті.

Мектептің әрбір дерлік педагогінің жеке портфолиосында семинарларға, шеберлік кластарына, түрлі тренингтерге, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысқаны туралы көптеген сертификаттар, мақала жарияланымдары, сондай-ақ оқу және ноталық әдебиеттерді басылымдары жинақталған. Мектептің әдістемелік жұмысы жалпы мақсаттылық, ғылыми және әлеуметтік негіздер принциптеріне жауап береді; мектеп педагогтерінің жұмысындағы әдістемелік ережелер мен қорытындылар ғылыми негізделіп, қазіргі заманғы технологияларды, тәрбие мен оқытудың формаларын және әдістерін дамытуға бағытталған, К.Байсейітова атындағы РММОМИ үшін практикалық бағдарлығы мен оларды басқа білім беру мекемелерінде пайдалану мүмкіндігі бар.

К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін қажетті материалдық-техникалық база қамтамасыз етілген. Оқу корпусы 480 орынға есептелген.  Жеке және топтық сабақтарға арналған оқу сыныптары мен кабинеттер қажетті көлемде мектеп жиһазымен, компьютерлермен, аудио және бейне техникамен жабдықталған. Спорт залы жабдықталған, минифутбол, баскетбол үшін спорт алаңдары және үлкен теннист корты бар.

Жабдықталған үлкен және кіші концерт залдары бар.  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауының арқасында мектептің музыкалық аспаптар қоры алдынғы қатарлы  еуропалық фирмалардың жаңа музыкалық кәсіби аспаптарымен тұрақты толықтырылып тұрады. Сондай-ақ, мектепте барлық оқушылардың жалға алуы үшін қажетті музыкалық аспаптармен қамтамасыз ететін музыкалық қойма бар.

Мектепте әлемдік деңгейдегі әйгілі солистер мен ұжымдардың ерекше музыкалық фонотекасы және видеотекасы бар. Мектептің кітапханалық қорында әлемдік және отандық классиканың ноталық және кітап басылымдары, оқу әдебиеті жинақталған. Оқу залы аудио және бейнетехникамен жабдықталған.

Мектеп жанында 110 орындық интернат жұмыс істейді, онда Қазақстанның түрлі қалалары мен облыстарынан келген балалардың тұруы, тамақтануы, оқуға дайындығын ұйымдастыру  үшін барлық жағдай жасалған.

Күләш Байсейітова атындағы РММОМИ-нің оқу-шығармашылық жүйесінің үйлесімділігі және оқу мен тәрбиені ұйымдастыру оның барлық буындары мен құрылымдық бөлімдерінің өзара сәйкестігін айқындап, музыкаға дарынды балаларды нәтижелі дайындауға ықпал етеді.

Мектептің материалды-техникалық базасы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» РММ материалды-техникалық базасы дарынды балаларға кәсіби музыкалық білім беруде әлемдік ең заманауи талаптарға сай қамтамасыз етілген.

• Оқу ғимаратының 1 қабатында жалпы білім беру бөлімінің кабинеттері орналасқан;

• Мамандық бойынша сабаққа арналған кабинеттер ІІ және ІІІ қабаттарда орналасқан;

• Бірінші қабат музыка теориясы пәндері, ритмика класы, АӘД сабақтарын өткізу үшін жабдықталған;

• жабдықталған спорт залы, теннис корты, кіші және үлкен концерт залдары бар;

• мектеп ішінде 110 орынға арналған интернат бар;

• барлық қабаттарда бейнекамералар орнатылған;

• Сынып бөлмелері мен кабинеттер бір түрде безендірілген.

Жеке сабақтарды өткізуге арналған кабинеттер оқытудың техникалық құралдарымен, музыкалық аспаптармен, қажетті жиһаздармен жабдықталған. Компьютермен жабдықталған кабинеттер, соның ішінде желіге қосылған 4 мультимедиялық кабинеттер бар.

sh 001

Мультимедиалық жабдықтар онлайн режимдегі сабақтарға қатысып, республикалық деңгейде ашық сабақтар, кездесулер, әдістемелік семинарлар өткізуге, Қазақстанның білім беру мекемелері мен әлемнің басқа да елдерімен шығармашылық байланыстар орнату арқылы интерактивті режимде сабақтар өткізугеге мүмкіндік береді. Соның ішінде үш кабинет музыка теориясы және музыка тарихы пәндері бойынша сабақтар өткізуге арналған. Қазақстанда тұңғыш рет инновациялық компьютерлік технологияларды гармония, сольфеджио, музыка әдебиеті сияқты пәндерін зерттеуде қолданады.

tech2

Электрондық тақтамен жабдықталған интерактивті мультимедиялық кабинет жалпы білім беру бөлімінде орналасқан. Пән мұғалімдері электронды оқулықтарды қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, математика және басқа пәндер бойынша пайдаланады.

Негізгі музыка сабақтарына арналған сыныптар музыкалық аспаптармен жабдықталған, олар жас музыканттардың кәсіби дайындығы үшін жарамды. Арнайы фортепиано бөлімінің тәрбиеленушілеріне, арфа класына, ұрмалы аспаптар класына арналған рояльдық класстар қымбат фирмалық аспаптармен жабдықталған.

Мектепте барлық оқушыларды қажетті музыкалық аспаптармен (скрипка, үрмелі аспаптар, баян) қамтамасыз ететін музыка қоймасы бар.

195 орынға арналған үлкен концерт залы, 70 орынға арналған кіші зал бар.

Ағылшын тілінің кабинеті лингафон жүйесі және компьютерлермен жабдықталған.

Мектеп жанында 110 орынға арналған интернат бар. Интернатта ҚР Мәденит және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» РММ-де оқитын Қазақстанның басқа қалаларынан, облыстарынан келген оқушыларына, оралман-балаларына жатып оқуға, тамақтануға қолайлы жағдайлар жасалған. Мектеп жанындағы интернатта 110 орынға арналған асхана бар. Интернат ас әзірлеуге арналған ас үймен, асханамен, медициналық бөлмемен, изолятормен, ем қабылдау кабинетімен, оқушылардың өздігімен дайындалуына арналған бөлмелермен, балалардың теледидар көріп, музыка тыңдауына жағдай жасалған демалыс бөлмелерімен қамтамасыз етілген.

* Мектеп жанындағы интернат

6

110 орынға арналған асхана

* Балаларға арналған бөлме

6

Мектепте кітапхана мен 24 адамға арналған оқу залы жұмыс істейді. Кітапхана музыкалық жазбаларды сақтауға мүмкіндік беретін көшіру техникасымен жабдықталған. Мектеп-интернатының кітапханасы республика бойынша музыкалық әдебиеттер қорының саны жағынан алдыңғы қатарда деп есептеледі.

bibl

Мектептің музыка кітапханасында Қазақстан мен әлемнің ең көрнекті әртістерінің орындауында классикалық музыка, опера, симфониялық музыка жазбалары бар. Техникамен жабықталған видеотека оқушыларға әлемдік опера өнерінің майталмандарын, аспаптық музыка шеберлерін және симфониялық жазбаларды, т.б. көруге мүмкіндік береді. Жалпы білім беру бөлімінің кітапхана қорында оқу-әдістемелік фильмдермен видеокассеталар, химия, физика, биология, Қазақстан тарихы, орыс тілінде зертханалық жұмыстар бар. Мектепте дене шынықтыру сабағына арналған жаттығу залы, сондай-ақ спорт секциялары үшін: үстел теннисі, баскетбол, мини-футбол бар. Мектептің АӘД өтетін аумағында теннис корты бар.

sh 007

sh 007

sh 007

sh 007

sh 007

sh 007

sh 007

Мектеп мұғалімдері музыка ноталары, монографиялар, әдістемелік нұсқаулар, арнайы және музыка-теориялық тақырыптар бойынша бағдарламалар жариялады.

book1

Мектептегі барлық жұмыстар мектеп басшылығымен бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылады, онда ұжымдық сабақтар, бөлім жұмысы, мектеп іс-шараларының уақыты мен мерзімі және интернаттың барлық бөлімшелерінің жұмысы көрсетіледі.

cycle

Мектепте оқушылардың кәсіби дағдыларын, орындаушылық және сахналық шеберліктерін дамыту үшін шығармашыл ұжымдар: симфониялық, камералық, халық аспаптар, үрмелі, эстрада-симфониялық оркестрлері, Биг Бенд, хор, скрипкашылар, виолончелистер, қобызшылар, домбырашылар, және «Асыл мұра» фольклорлық ансамбльдері ұйымдастырылған.

6

6

6

6

6

Осындай бірегей ұжымдарда ең кішкентай дарынды балалар музыкалық қабілеттерін көрсете алады.

10

5 сыныптан бастап оқушылар көне қазақ фольклоры аспаптары: саз сырнай, қыл-қобыз, жетіген, сыбызғыда ойнайды, сондай-ақ домбырамен бірге ән айтуды үйренеді.

10

Көптеген халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты болып табылатын «Биг Бенд» джаз оркестрі құрылды. Жетекшісі - танымал музыкант, джазмен Яков Хан Николаевич.

10