Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұжымы республикалық телеарналардың эфирінен таратылған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын аса үлкен ықыласпен тыңдап, қолдады.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз.
Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күнде мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушыларының орны ерекше. Бүлдіршіндер үшін бұл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам.
Толығырақ: Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар!
Биыл 2021 жылдың қаңтар айында мектебімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес туралы ереже бекітіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтартарын анықтауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған көптеген іс-шаралар іске асырылды. Бұл бастама ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қолдауымен іске асырылып жатқан жоба. 2021 жылдың 26 мамыр айы мен 02 маусым айы аралығында мектебімізде оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау конкурсы өткізіліп, байқаудың ІІІ кезеңіне де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі – Сақтағанова Айгүл Әбдіғапбарқызы қатысты. Байқау кезінде ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, конкурс талаптарға сай өткізілді. Қабылдау шаралары жоғары деңгейде жүргізіліп, қоғамда оң пікір қалыптасты. Бұл біз үшін үлкен жетістік. «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілінің жұмыс жүргізуі жоғары бағаланды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшылығына байқаудың әділ өтуіне септігін тигізіп, көрсеткен үлкен көмектері үшін өз алғысымызды білдіреміз және жұмыстарына үлкен табыстар тілейміз.
Бүгін 2021-2022 оқу жылына бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау конкурсының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден сүрінбей өткен музыкалық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсеткен 37 оқушы конкурстық комиссияның шешімі бойынша 1-ші сыныпқа қабылданды және 4 үміткер бос орын пайда болған жағдайда 1-сыныпқа қабылдануға кандидаттар ретінде ұсынылды.
Сағат 15.00-де мектептің үлкен залында мектеп директоры, директордың орынбасарлары, музыкалық бөлім меңгерушілері, интернат меңгерушісі, мектеп дәрігері және сынып жетекшілердің қатысуымен 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында директор Абдрашев Бахтияр Төлепбергенұлы ата-аналармен сұхбат жүргізіп, мектептің оқу тәртібімен таныстырып, сұрақтарына жауап берді.
2021 жылдың 31 мамыр айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» РММ 2021-2022 оқу жылына 1-ші сыныпқа оқушыларды қабылдау конкурсының ІІІ кезеңі өткізілді. Үміткерлердің музыкаға дарынды балаларға арналған мектепте оқу үшін психологиялық дайындылығына тестілеу жүргізілді: Жеке тұлғалық дайындығы – мотивациялық саласының, эмоциялық тұрақтылығының дамуы, Зияткерлік дайындығы – жалпы ой-өрісі, сөздік қоры, ауызекі сөйлеу тілі, Әлеуметтік психологиялық дайындығы – баланың басқа балалармен қолайлы өзара қарым-қатынас орнатуға икемі, бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық нормаларын сақтауға икемі). Тестілеу бейнекамераға жазылып отырды.
Толығырақ: 2021-2022 оқу жылына 1-ші сыныпқа оқушыларды қабылдау конкурсының ІІІ кезеңі өткізілді
2021 жылдың 28 мамыр айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» республикалық мемлекеттік мекемесінде 2021-2022 оқу жылына 1-ші сыныпқа оқушыларды қабылдау конкурсының ІІ кезеңі өткізілді. II кезеңде үміткерлер табиғи музыкалық қабілеттерін көрсетті, бірақ одан да күрделі формада: 4 және одан да көп тактідегі үзінділерді орындау және қайталау, күрделі ырғақтық жаттығулар. Осы жолы да үміткерлердің конкурстық тыңдалымдары бейнекамераға жазылып отырды.
Толығырақ: 2021-2022 оқу жылына 1-ші сыныпқа оқушыларды қабылдау конкурсының ІІ кезеңі
3 бет. Барлығы: 4
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- 4
- Алға
- Аяқ жағына