2022-2023 оқы жылы оқуға түсетін кандидаттар үшін консультациялар өткізу

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атыдағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылына Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен 1-ші сыныпқа оқуға түсуді жоспарлаған үміткерлерге төменденгі мамандықтар бойынша консультациялар өткізетіні туралы жариялайды:

  • арнайы фортепиано;
  • скрипка, альт;
  • виолончель, контрабас, арфа;
  • халық аспаптары;
  • үрмелі және ұрмалы аспаптар;

Осы консультациялар үміткерлердің табиғи музыкалық қабілеттерін (музыканы есту, ырғақ, есте сақтау, интонация, аспапқа бейінділік және т.б..қабілеттерінің болуын) тестілеуге бағытталған. 

Консультацияларды бөлім педагогтері күзгі каникул (1-5 қараша) және қысқы каникул кезеңінде (нақты мерзімі желтоқсанда мектеп сайтында жарияланатын болады)  ақысыз негізде  өткізеді.  Кандидаттың жоспарлаған мамандық бойынша, сондай-ақ басқа да мамандықтар бойынша консультация алуға құқығы бар. Консультация саны – 2 көрсетілген мамандық бойынша  (мысалы, фортепиано), 2 – есту қабілетін, ырғағын және т.б. тестілеу бойынша. Өтініште бірнеше мамандық көрсетілсе, әрқайсына 1 консультациядан өтеді. Қысқы каникул кезіндегі консультациялар саны желтоқсан айында мектептің сайтында қосымша жарияланады.

Консультацияға қатысу үшін үміткердің ата-анасы (заңды өкілі) белгіленген мерзімде мектеп-интернаттың жауапты тұлғасына өтінішті онлайн форматта жібереді. Сол өтініштің негізінде келетін өңірді, әрбір аспап бойынша үміткерлер санын және т.б. ескере отырып, консультациялар кестесі әзірленеді.  Кестеде үміткердің тегі, консультация өткізу күні, уақыты және сыныбы көрсетіледі. Кесте міндетті түрде мектептің сайтында жарияланатын болады. Басқа қалалардан келетін үміткердер үшін ата-аналардың қалауы бойынша мектеп жанындағы интернатта тұру жағдайымен танысу мүмкіндігі қарастырылады.

Өтініштерді қабылдау – 2021 жылғы 20 қыркүйек пен 10 қазан аралығында электрондық форматта (сканерленген) Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. мекенжайы бойынша жүргізіледі. Тел: 8 (727) 394-94-60

Консультациялар кестесі 15 қазанда мектептің сайтында жарияланады.  

Педагогтердің қазылар алқасы құрамында онлайн конкурстарға қатысуына байланысты консультациялар кестесін сақтауды сұраймыз. 

Ата-аналардың (немесе заңды өкілдердің) назарына !!!

Коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында санитариялық-дезинфекциялық  режимді қатаң сақтау қажет:

  • кез келген аурудың белгілері бар үміркерді әкелмеу;
  • үміткерді маскамен қамтамасыз ету (маскасыз консультацияға жіберілмейді);
  • үміткерді консультацияға кешіктірмей алып келу және аяқталуымен бірден алып кету.  

ӘКІМШІЛІК

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

«Күләш Байсейітова атындағы

дарынды балаларға арналған

РММОМИ» РММ директоры

Министерства культуры и спорта РК

Б.Т. Абдрашевқа

Ата-ана/заңды өкілден

                                      Т.А.Ә._____________________________________________ 

Телефон (WhatsApp)_________________________________ 

Тұрғылықты жері____________________________________

____________________________________________________

Электродық пошта___________________________________

ӨТІНІШ

«Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» РММ-ге оқуға түсуді жоспарлауымызға байланысты менің балам
________________________________________________________________   

                                           (аты-жөні толық)

2021-22 оқу жылының күзгі каникулы кезінде төмендегі мамандық бойынша консультацияға тіркеуді сұраймын:

(қажеттісінің астын сызу, бірнеше мамандық таңдауға болады)

  1. Арнайы фортепиано
  2. Скрипка
  3. Альт
  4. Виолончель
  5. Контрабас
  6. Арфа
  7. Үрмелі аспаптар (қалауы бойынша нақты аспапты көрсетуге болады, мысалы, флейта, кларнет және т.б.).

          ________________________________________________________________

  1. Халық аспаптары (қалауы бойынша нақты аспапты көрсетуге болады, мысалы, домбыра, қобыз, баян және т.б.).

          ________________________________________________________________

  • Интернатта тұру жағдайымен танысқыңыз келеді ме? Иә      Жоқ

                                                                                                               (астын сызу)

  • Алматыға келу жоспарланған күн және Алматыдан кету күні (егер алдын ала билеттер алынған болса, кету күні мен уақытын көрсеткен жөн)

       _____________________________________________________________                   

       (Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен келетін үміткерлер үшін)         

                                                

Күні         _____________                                                  

Қолы       _____________