ҚР МАМ министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен оқуға түсуді жоспарлап отырған талапкерлер үшін кеңес беру жүргізілетінін жариялайды. 2025-2026 оқу жылында келесі мамандықтар бойынша 1-сынып:
- арнайы фортепиано;
- скрипка, альт;
- виолончель, контрабас, арфа;
- халық аспаптары;
- үрмелі және ұрмалы аспаптары
Бұл кеңес берулер үміткерлерде табиғи музыкалық қабілеттерін (музыкалық есту есту, ырғақ сезімі, музыкалық жады, интонация), икемділігіне қарай аспап айқындауға, орындайтын әнді таңдауына кеңес алуға бағытталған.
Кеңес берулер күзгі каникул кезеңінде, 2024 жылдың 28 және 29 қазан бөлімше педагогтарымен тегін негізде өткізілетін болады.
Әр үміткер бірнеше мамандық бойынша кеңес алуға, сондай-ақ музыкалық есту, ырғақ сезімін тестілеу арқылы анықтауына құқылы, ән таңдау бойынша кеңес беру.
Кеңес беруге қатысу үшін үміткердің ата-анасы (заңды өкілі) белгіленген мерзімде онлайн форматта жауапты тұлғаға мектеп-интернатқа өтініш пен туу туралы куәліктің көшірмесін жолдайды. Осы өтініштердің негізінде келу аймағын, әр аспап бойынша үміткерлер санын ескере отырып, кеңес беру кестесі жасалады. Кесте міндетті түрде мектеп сайтында жарияланады. Басқа қаладан келген үміткерлер үшін ата-аналарының қалауы бойынша тұру жағдайларымен танысу үшін мектеп жанындағы интернатта экскурсия өткізуге мүмкіндік беріледі.
Өтініштерді қабылдау 2024 жылғы 23 қыркүйектен бастап 23 қазанды қоса алғанда электрондық форматта (сканерленген) Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. пошта мекенжайына жолдау арқылы жүзеге асырылады.
Тел: 8 (727) 394-94-60
2024 жылғы 24 қазанда консультациялар кестесі мектеп сайтында жарияланады!
Ата-аналардың (немесе өзге де заңды өкілдердің) назарына!!!
Жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақталуы қажет:
- кез келген аурудың белгілері бар үміткерді әкелмеу;
- үміткерді кешікпей уақытылы кеңес алуға әкеліп, ал аяқталған соң бірден алып кету.
ӘКІМШІЛІК
ҚР МАМ «Күляш Байсейітова
атындағы дарынды балаларға
арналған РММОМИ» РММ
директоры
Б.Т. Абдрашев мырзаға
Ата-ана/ заңды өкілі
Аты-жөні__________________________________________
Телефон (WhatsApp)_________________________________
Мекенжайы_________________________________________
____________________________________________________
Электронды поштасы _______________________________
ӨТІНІШ
"Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ" РММ-ге оқуға түсуіңізге жоспарлануына байланысты баламды
_____________________________________________________________________________ (аты жөні толық)
мамандығы бойынша 2024-2025 оқу жылының күзгі демалысы кезінде кеңес алуға:
(керегінің астын сызу керек, бірнеше мамандыққа рұқсат етіледі) тіркеуіңізді сұраймын
- Арнайы фортепиано
- Скрипка, альт
- Виолончель
- Контрабас
- Арфа
- Үрмелі аспаптар (қалауы бойынша, флейта, кларнет және т. б. сияқты белгілі бір аспапты көрсетуге болады). _________________________________
- Халық аспаптары (қалауы бойынша нақты аспапты көрсетуге болады, мысалы, домбыра, қобыз, баян және т. б). _______________________________________
Интернатта тұру шарттарымен танысқыңыз келе ме? Иә Жоқ
(қажеттінің астын сызу)
- Алматыға келу күні және Алматыдан кету күні (егер билеттер алдын ала сатып алынған болса, кету күні мен уақытын көрсеткен жөн)
_____________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен үміткерлер үшін)
Датасы _____________
Қолы _____________