2024-2025 оқу жылына оқушыларды қабылдау

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі 2024-2025 оқу жылына қоса берілген квотаға сәйкес келесі мамандықтар бойынша 1-сыныпқа оқушыларды қабылдауды жариялайды (№2 қосымша):

 

  • арнайы фортепиано
  • скрипка, альт
  • виолончель, контрабас, арфа 
  • халық аспаптары (домбыра, кобыз-прима, кыл-кобыз, баян, домра-прима, шертер) 
  • үрмелі аспаптар 1-сыныпқа блок-флейтаға (бөлінген квота бойынша 3-сыныптан бастап флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон, валторна, труба, тромбон, туба және ұрмалы аспаптарына ауыстырылады).

Қабылдау «Білім алушыларды қабылдау Ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылады (http://baiseitovaschool.skom.kz/ru/priem-obuchayushchikhsya/140-pravila-priema-obuchayushchikhsya)

1-сыныпқа түсу үшін конкурсқа 6-7 жас аралығындағы, осы мерзімге дейін (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) білім беру ұйымдарында оқымаған, мамандандырылған музыкалық мектепте оқу үшін айқын музыкалық қабілеттері бар, мектепалды даярлықтан өткен балалар жіберіледі.

  1. Конкурс 3 турда өткізіледі:
  2. І тур – табиғи музыкалық қабілетін анықтауға арналған тестілеу:
  • Интонация – танымал балалар репертуарындағы әннің кемінде екі шумағын (куплетін) орындау (Қазақстан Республикасының әнұранын орындауға рұқсат етілмейді).
  • Музыкалық есту қабілеті – дыбыстардың санын анықтай отырып, фортепианода орындалған бір немесе бірнеше дыбыстардың (екі-үш) биіктігін дауыспен барынша дәл орындау.
  • Музыкалық есте сақтау қабілеті – музыкалық әуендерді 4 өлшемге дейін есте сақтау, содан кейін дауыспен максималды дәл орындау.
  • Ырғақ – ырғақты суреттерді 4 тактіге дейін есте сақтау, содан кейін шапалақтау арқылы мүмкіндігінше дәл қайталау.
  • Кандидаттың қалауы бойынша аспапта екіден артық емес пьеса орындау.
  1. ІІ тур - үміткерлердің музыкалық қабілетін неғұрлым терең диагностикалау және бағалау:
  • Интонация – кең ауқымды және ырғақты өрнегі бар танымал балалар репертуарындағы әннің кем дегенде екі шумағын (куплетін) орындау. (бірінші турдағы әнді қайтаданорындауға және Қазақстан Республикасының әнұранын орындауға рұқсат берілмейді)
  • Музыкалық есту – фортепианода бір мезетте орындалған барлық дыбыстардың (екі-үш) биіктігін дауыспен барынша дәл орындау, жеделдетіп ойналған дыбыстар санын және аккорд құрылымын анықтау.
  • Музыкалық есте сақтау – 4 тактіден тұратын және одан да көп күрделі ырғақты үлгілердегі жеделдетілген темптегі музыкалық әуендерді есте сақтап, мүмкіндігінше дәл орындау.
  • Музыкалық есте сақтау – күрделі ырғақты топтамаларын тез арада қайталап, содан кейін оларды мүмкіндігінше дәл және жылдам ойнатумен 4 тактіден және одан да көп музыкалық әуендерді есте сақтау.
  • Ырғақ – 4-тен 8 тактіге дейінгі жеделдетілген, күрделі ырғақты топтамаларды есте сақтап, содан кейін дыбыстардың ұзақтығын және олардың реттілігін мүмкіндігінше дәл орындау.

 

  • Кандидаттың қалауы бойынша аспапта саны 2 аспайтын пьесаны орындау (бірінші турдың пьесаларын қайта орындауға рұқсат берілмейді).

Қабылдау кезінде аспапта орындау міндетті емес, тек қатысушылардың қалауы бойынша.

  1. ІІІ тур – үміткерлердің музыкалық дарынды балаларға арналған мектепте оқуға психологиялық дайындығын тексеру.

Білім алушыларды қабылдау Ережелеріне сәйкес барлық 3 турдан өткен және I мен II турдың қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған конкурсанттар 1-сыныпқа қабылданады.

Аспаптар бойынша бөлу құқығы – қоса берілген квотаға сәйкес қабылдау комиссиясының құзырлығында. Оқыту тілін таңдау құқығы ата-аналарға (заңды өкілдерге) беріледі.

Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Оқу мерзімі-12 жыл.

Қазақстанның шалғай аудандары мен облыстарынан келген балаларды мектеп жанындағы интернатқа қабылдауды мектеп жанындағы интернат жөніндегі комиссия оқу жылы басталар алдында тамыз айында тұрғылықты жерінен электрондық үкімет порталы (e-gov) арқылы растайтын құжаттар негізінде қарайды. Өтініш берген кезде мекенжайды растау скриншоты құжаттарға қоса берілу қажет.

 

II.  1-сыныпқа түсуге конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылғы                 29 сәуірден 29 мамырға дейін (сағат 18.00-ге дейін) электрондық форматта (сканерленген) Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. пошта мекенжайына жүзеге асырылады.

 

1-сыныпқа түсу үшін қажетті құжаттар:

·       баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (№1 қосымша);

·       ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігі;

·       3х4 өлшемді үміткердің суреті;

·       медициналық құжаттар: денсаулық паспорты, жеке медициналық карта (№ 26Т.), профилактикалық егу картасы (№ 63 т.);

·       электрондық үкімет порталы (e-gov) арқылы алынған тұрғылықты жерін растайтын құжат: өтініш берген кезде тұрғылықты мекен-жайын тіркеу туралы скриншот (мектеп жанындағы интернатқа мұқтаждар үшін)

1-сыныпқа қабылдау емтихандарын өткізу мерзімдері:

  • 1 тур – 3 маусым  - 09.30 – тыңдалуы
  • 2 тур – 5 маусым - 09.30 – тыңдалуы
  • 3 тур – 8 маусым - 09.30 – психологиялық тесті

 

  • 10 маусым – қабылдау комиссиясының отырысы, 1-сыныпқа қабылдау
  • 11 маусым – 15:00 қабылдау емтихандарының нәтижелерін жариялау және ата-аналар жиналысы

Апелляцияға өтініш беру тыңдау өткізілген күннен кейінгі жұмыс күні сағат 13.00-ден кешіктірмей электрондық Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  поштаға жолдау арқылы жүзеге асырылады

Біздің мекенжай: 050040, Алматы қаласы, Байзакова көшесі, 304 

Анықтама телефондары : 8 (727) 394-96-05

                                             8 (727) 394-94-60

Ата-аналардың (немесе өзге де заңды өкілдердің) назарына !!!

  • кез-келген аурудың белгілері бар үміткерді әкелмеу;
  • үміткерді конкурстық турға кешікпей алып келіп, және оны тыңдалуы аяқталғаннан кейін бірден алу қажет.

ӘКІМШІЛІК

 

 

Қосымша  № 1

ҚР МАМ Мәдениет комитетінің

«Күләш Байсейітова атындағы

дарынды балаларға арналған РММОМИ» РММ

директоры

Б.Т. Абдрашевқа

Аты-жөні __________________________________ 

Жеке куәлік №________________

Берілді (кіммен және қашан) __________________

________________________________________

Тұрғылықты жерін тіркеу мекенжайы___________________________________

Нақты тұрғылықты мекенжайы___________________________________  

Телефон_________________________________ 

                                                                           

Өтініш

 

Баламды (толық аты-жөні) ________________________________________

туған күні ______________________, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РМСМШИ" РММ Алматы қ.,__________________мамандығы бойынша ________ сыныпта оқу үшін

                    (мамандығын көрсетіп)

конкурстық іріктеуге жіберуіңізді сұраймын

қазақ/орыс тілінде оқытуымен (керегінің астын сызу)

Мектеп жанындағы интернатта жатын орны  ______________________________________________.

(көрсету: қажет емес, қажет емес)

Датасы         _____________

Қолы    _____________ 

26 2