ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен оқуға түсуді жоспарлап отырған талапкерлер үшін кеңес беру жүргізілетінін жариялайды. 2024-2025 оқу жылында келесі мамандықтар бойынша 1-сынып:

  • арнайы фортепиано;
  • скрипка, альт;
  • виолончель, контрабас, арфа;
  • халық аспаптары;
  • үрмелі және ұрмалы аспаптары

Бұл кеңес берулер үміткерлерде табиғи музыкалық қабілеттерін (музыкалық есту есту, ырғақ сезімі, музыкалық жады, интонация), икемділігіне қарай аспап айқындауға, орындайтын әнді таңдауына кеңес алуға бағытталған.

Кеңес берулер қысқы каникул кезеңінде, 2024 жылдың 4 және 5 қаңтарында бөлімдер педагогтарымен тегін негізде өткізілетін болады.

Әр үміткер бірнеше мамандық бойынша кеңес алуға, сондай-ақ музыкалық есту, ырғақ сезімін тестілеу арқылы анықтауына құқылы, ән таңдау бойынша кеңес беру.

Кеңес беруге қатысу үшін үміткердің ата-анасы (заңды өкілі) белгіленген мерзімде онлайн форматта жауапты тұлғаға мектеп-интернатқа өтініш пен туу туралы куәліктің көшірмесін жолдайды. Осы өтініштердің негізінде келу аймағын, әр аспап бойынша үміткерлер санын ескере отырып, кеңес беру кестесі жасалады. Кесте міндетті түрде мектеп сайтында жарияланады. Басқа қаладан келген үміткерлер үшін ата-аналарының қалауы бойынша тұру жағдайларымен танысу үшін мектеп жанындағы интернатта экскурсия өткізуге мүмкіндік беріледі.

Өтініштерді қабылдау 2023 жылғы желтоқсанның 11 бастап 27 дейін қоса алғанда электрондық форматта (сканерленген) Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. пошта мекенжайына жолдау арқылы жүзеге асырылады.

Тел:8 (727)394-94-60

2023 жылғы 29 желтоқсанда кеңес беру кестесі мектеп сайтында жарияланады!

Ата-аналардың (немесе өзге де заңды өкілдердің) назарына!!!

Жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақталуы қажет:

  • кез келген аурудың белгілері бар үміткерді әкелмеу;
  • үміткерді кешікпей уақытылы кеңес алуға әкеліп, ал аяқталған соң бірден алып кету.

 

ӘКІМШІЛІК

ҚР МАМ Мәдениет комитетінің

«Күляш Байсейітова атындағы

дарынды балаларға арналған

РММОМИ» РММ

директоры

Б.Т. Абдрашев мырзаға

Ата-ана/ заңды өкілі

 

Аты-жөні__________________________________________

Телефон (WhatsApp)_________________________________

Мекенжайы_________________________________________

____________________________________________________

Электронды поштасы _______________________________

 

ӨТІНІШ

"Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ" РММ-ге оқуға түсуіңізге жоспарлануына байланысты баламды

_____________________________________________________________________________(аты жөні толық)

мамандығы бойынша 2023-24 оқу жылының қысқы демалысы кезінде кеңес алуға:

(керегінің астын сызу керек, бірнеше мамандыққа рұқсат етіледі) тіркеуіңізді сұраймын

  1. Арнайы фортепиано
  2. Скрипка, альт
  3. Виолончель
  4. Контрабас
  5. Арфа
  6. Үрмелі аспаптар (қалауы бойынша, флейта, кларнет және т. б. сияқты белгілі бір аспапты көрсетуге болады)._________________________________
  1. Халық аспаптары (қалауы бойынша нақты аспапты көрсетуге болады, мысалы, домбыра, қобыз, баян және т. б)._______________________________________

Интернатта тұру шарттарымен танысқыңыз келе ме? Иә Жоқ

(қажеттінің астын сызу)

  • Алматыға келу күні және Алматыдан кету күні (егер билеттер алдын ала сатып алынған болса, кету күні мен уақытын көрсеткен жөн)

_____________________________________________________________

(Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен үміткерлер үшін)

Датасы _____________

Қолы _____________