ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылында бос орындарға (барлығы 5 бос орын) оқушыларды келесі мамандықтар бойынша қосымша қабылдау жариялайды:

1)    арнайы фортепиано;

2)    скрипка, альт;

3)    виолончель, контрабас, арфа;

4)    халық аспаптары;

5)    үрмелі және ұрмалы аспаптар;

6)    хор дирижері;

7)    музыка тарихы, теориясы және композиция.

            Класстар комплектінің жинақталуына сәйкес бос орындарға қабылдау тек келесі сыныптар бойынша жүзеге асырылады:

·        2 сынып – оқытылуы орыс тілінде

·        3 сынып – оқытылуы қазақ тілінде

·        4 сынып – оқытылуы қазақ және орыс тілінде

·        5 сынып – оқытылуы қазақ тілінде

·        6 сынып – оқытылуы қазақ және орыс тілінде

·        7 сынып – оқытылуы қазақ тілінде

·        8 сынып – оқытылуы қазақ және орыс тілінде

·        9 сынып – оқытылуы қазақ тілінде

·        10 сынып – оқытылуы қазақ және орыс тілінде

·        11 сынып – оқытылуы қазақ және орыс тілінде

Конкурстық тыңдалуға ҚР балалар музыка мектептерінің, өнер мектептерінің, мамандандырылған музыкалық оқу орындарының оқушылары жіберіледі.

Бос орындарға түсу үшін конкурстық іріктеу мамандық бойынша үміткердің бағдарламасын (этюд, полифония, ірі форма, пьесалар және т.б.) қабылдау комиссиясының тыңдауы және оның теориялық білімі көлемінің, практикалық дағдыларының деңгейін және түсу сыныбын ескере отырып, сольфеджио, музыка теориясы мен гармония бойынша мектептің оқу бағдарламасына сәйкестігін анықтау (парақтан оқу, сольфеджио бойынша әуен, естуін талдау, гармония бойынша кезеңдер мен секвенцияларды ойнау) жолымен жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін үміткердің ата-анасы (заңды өкілі) онлайн форматта мектеп-интернатқа жауапты тұлғаға келесі құжаттарды тапсырады:

·        баланың ата-анасынан немесе заңды өкілінен өтініш (қосымша № 1);

·        ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;

·        үміткердің 3х4 көлеміндегі фотосуреті;

·        медициналық құжаттардың көшірлемелері: денсаулық паспорты, жеке медициналық карта (№ 26 н.), профилактикалық екпелер картасы (№ 63 н.);

·        үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған анықтама;            

·        бар болса республикалық конкурстарға қатысқаны туралы дипломдардың көшірмелері қоса беріледі;

·        электрондық үкімет порталы (e-gov) арқылы алынған, түрғылықты жерін растайтын құжат: өтініш берген күні тіркелген тұрғылықты мекенжайы туралы скриншот (мектеп жанындағы интернатқа мұқтаждар үшін);

·        ағымдағы оқу жылындағы оқу үлгерімінің табелі (сканерленген);

·        өзіндік жоспар (музыка мектебінен сканерленген). 

Құжаттар 2023 жылғы тамыз айының 22-нен бастап 29-на дейін (қоса алғанда) электрондық форматта (сканерленген) келесі поштаға арқылы жауапты тұлғамен қабылданады  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

 

PS.  Мектепке оқушыларды қабылдау Қағидаларымен мектептің https://baiseitovaschool.skom.kz/ru/ сайтында танысуға болады.

Үміткерлерді тыңдау

2023 жылы 31 тамызда  сағат 10.00 де

Мектептің Үлкен концерт залында өтеді

Мекенжайы: Алматы қаласы, Байзақов к-сі, 304 үй

Әкімшілік

 

Қосымша  № 1

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің

«Күләш Байсейітова атындағы дарынды

балаларға арналған  РММОМИ»  РММ

 директоры    Абдрашев Б.Т. мырзаға

ата-анасынан/заңды өкілінен

 Т.А.Ж.__________________________________ 

Жеке куәлігінің №_________________________

Берілді (кім және қашан)______________________

________________________________________

________________________________________

Тіркелген тұрғылықты жерінің мекенжайы ________________________________________

Нақты тұратын мекен-жайы 

________________________________________  

Телефон_________________________________ 

Өтініш

Менің баламды (аты-жөні толық)

 

__________________________________________________________________

Туған жылы_____________ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды   балаларға арналған  РММОМИ»   РММ оқу үшін конкурстық іріктеуге_____сыныпқа, ______________________________    

                                                                                                         (мамандық көрсету)

мамандығы бойынша қабылдауыңызды сұраймын.

Оқыту тілі:  қазақша/орысша

 Интернатта жататын орын _________________________________________

                                                                          (керек, керек емес)

Қолы ____________

Күні_____________