Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа төмендегі мамандықтар бойынша оқушыларды жыл сайынғы қабылдауды жариялайды:

  • арнайы фортепиано
  • скрипка, альт
  • виолончель, контрабас, арфа 
  • ұрмалы және үрмелі аспаптар (флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон, валторна, труба, тромбон, туба және ұрмалы аспаптар)
  • халық аспаптары (домбыра, қобыз-прима, қыл-қобыз, баян, домбыра-прима, шертер) 

І. 1 сыныпқа түсу байқауына мамандандырылған музыкалық мектепте оқу үшін музыкалық қабілеттері айқын көрінетін, мектепалды даярлықтан өткен 6-7 жастағы балалар жіберіледі.  

Конкурс 3 турда өткізіледі:

  • І кезең – табиғи музыкалық қабілеттерін анықтауға тестілеу (музыкалық есту қабілетін, ырғағын, музыкалық жадын, интонациясын және т.б. тексеру);
  • ІІ кезең – үміткерлердің музыкалық қабілеттерін анағұрлым терең диагностикалау  және бағалау (күрделендірілген ырғақты топтармен  4 және одан да көп такттан тұратын әуендердің үзінділерін қайталау, және т.б.), дайындығы бар балалар үшін аспаптарда бірнеше пьеса орындау;
  • ІІІ кезең  –  музыкаға дарынды балаларға арналған мектепте білім алуға балалардың психологиялық дайындығын тестілеу (Жеке тұлғалық дайындығы – мотивациялық қасиеті, эмоциялық тұрақтылығының дамуы; Зияткерлік дайындығы – жалпы ой-өрісі, сөздік қоры, ауызекі сөйлеу тілі, ұсақ моториканы игеруі, танымдық процесстерінің дамуы (зейін, жад, ойлау, қиялдау, ақпаратты талдау, қорыту, жіктеу, қорытынды шығару икемі); Әлеуметтік-психологиялық дайындығы – баланың басқа балалармен қолайлы өзара қатынас орнатуға икемі, бірлесіп жұмыс істеуге, жол беруге, тыңдауға және қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауға икемі).    

Мектеп туралы ережеге сәйкес 3 кезеңнен өткен және 3 кезеңнің қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған конкурсанттар 1-ші сыныпқа қабылданады. Аспаптар бойынша бөлу құқығы қабылдау комиссиясының құзырлығында. Оқыту тілін таңдау – ата-аналардың (заңды өкілдердің) құқығында.
Оқыту қазақ тілінде және орыс тілінде жүргізіледі. Оқу мерзімі – 12 жыл. Қазақстанның қашық облыстары мен аудандарынан оқуға түскен оқушылар олардың тұрақты мекенжайы электронды үкімет (e-gov) порталы арқылы расталған жағдайда мектеп жанындағы интернатқа қабылданады. Мекенжайды растау скриншоты өтініш берген кезде құжаттарға қоса беріледі.

1-сыныпқа қайта түсуге рұқсат етілмейді.

II.  1 сыныпқа түсу байқауына құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 5 мамырынан 7 маусымына дейін, электрондық форматта (сканерленген түрде) Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық мекенжайына  жіберу арқылы жүргізіледі.

1 сыныпқа  түсу үшін тапсырылатын құжаттар: 

  • баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
  • үміткердің ЖСН көрсетілген туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • үміткердің 3х4 көлеміндегі фотосуреті;
  • медициналық құжаттардың көшірлемелері: денсаулық паспорты, жеке медициналық карта (№ 26 н.), профилактикалық екпелер картасы (№ 63 н.);
  • электрондық үкімет порталы (e-gov) арқылы алынған, тұрғылықты жерін растайтын құжат: өтініш берген күні тіркелген тұрғылықты мекенжайы туралы скриншот (мектеп жанындағы интернатқа мұқтаждар үшін). 

1-сыныпқа қабылдау емтихандарын өткізу мерзімдері:

  • кезең 12 маусым - 09.30 – тыңдалым
  • кезең 14 маусым 09.30 – тыңдалым
  • кезең 16 маусым 09.30 – психологиялық тест 
  • 19 маусым - қабылдау комиссиясының отырысы, 1-сыныпқа қабылдау;
  • 20 маусым - 15.00 – қабылдау емтихандарының нәтижелерін жариялау, ата-аналар жиналысы

Апелляцияға беру – тыңдалым өткен күннен кейінгі келесі жұмыс күні сағат 13.00-ден кешіктірілмей Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына жіберілуі тиіс
Біздің мекенжайымыз: 050040, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 304 
Анықтама үшін телефон: 8 (727) 394-96-05
8 (727) 394-94-60

Ата-аналардың (немесе өзге де заңды өкілдердің) назарына !!!

  • кез келген аурудың белгілері бар үміткерді әкелуге тыйым салынады;
  • үміткерді байқау кезеңдеріне кешіктірмей алып келіп, тыңдалым аяқталуымен бірден алып кетуі тиіс.



ӘКІМШІЛІК

№ 1 қосымша

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің
«Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» РММ директоры
Б.Т. Абдрашевқа
ата-анадан/заңды өкілден
Т.А.Ж.__________________________________ 
Жеке куәлігінің №_________________________
Берілді (кім және қашан)______________________
________________________________________
________________________________________
Тіркелген тұрғылықты жерінің мекенжайы ________________________________________
Нақты тұратын мекен-жайы 
________________________________________  
Телефон_________________________________ 

ӨТІНІШ

Менің баламды___________________________________________________, (баланың аты-жөні толық)
«______» _______________  _____ жылы туған, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алматы қаласындағы «Күләш Байсейітова атындағы дарынды   балаларға арналған  РММОМИ» РММ-де  _____сыныпта    қазақ / орыс тілінде
                                                                                                                   (қажеттінің астын сызу) оқу үшін _______________________________________ мамандығы бойынша
(мамандық көрсету)
байқау арқылы  іріктеуге жіберуді сұраймын.     

Интернатта жататын орын _________________________________________
(қажет, қажет емес)

Қолы ____________

Күні_____________