2023-2024 оқу жылы оқуға түсетін кандидаттарға арналған конкультациялар өткізу

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекесі Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен 2023-2024 оқу жылы төмендегі мамандықтар бойынша 1 сыныпқа түсуді жоспарлаған барлық үміткерлер үшін консультациялар өткізетіні туралы хабарлайды:

  • арнайы фортепиано;
  • скрипка, альт;
  • виолончель, контрабас, арфа;
  • халық аспаптары;
  • үрмелі және ұрмалы аспаптар;

Консультациялар үміткерлердің табиғи музыкалық қабілеттерін (есту қабілетін, ырғағын, музыкалық жадын, интонациясын, аспапқа деректерін анықтау және т.б.) анықтауға тестілеу өткізуді көздейді.

Консультацияларды бөлім педагогтері күзгі каникул кезеңінде 2022 жылғы 31 қазанда және 1 қарашада  ақысыз негізде өткізетін болады.  Кандидаттың бірнеше мамандық бойынша консультация алуға, сондай-ақ есту қабілетін, ырғағын анықтауға тестілеуден өтуге құқығы бар.

Консультацияларға қатысу үшін үміткердің ата-анасы (заңды өкілі) белгіленген мерзімде онлайн форматта мектеп-интернатқа жауапты тұлғаға өтініш және туу туралы куәлігінің көшірмесін жібереді. Берілген өтініштер негізінде келу өңірін, әрбір аспап бойынша үміткерлер санын және т.б. ескере отырып, консультациялар кестесі әзірленеді. Кестеде үміткердің тегі, консультация өткізу күні, уақыты және кабинет № көрсетіледі. Кесте міндетті түрде мектептің сайтында жарияланады. Басқа қалалардан келетін үміткерлер үшін ата-аналардың қалауы бойынша тұру жағдайларымен танысу үшін мектеп жанындағы интернатқа экскурсия өткізілуі мүмкін.  

Өтініштерді қабылдау – 2022 жылғы 10 қазан мен 25 қазан аралығында электрондық форматта (сканерленген)  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасы арқылы жүргізіледі. Тел: 8 (727) 394-94-60

28 қазанда консультациялар кестесі мектептің сайтында жарияланады!

Педагогтердің қазылар алқасы құрамында онлайн конкурстарға қатысуына байланысты консультациялар кестесін сақтауды сұраймыз.

Ата-аналардың (немесе заңды өкілдердің) назарына !!!

Коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау қажет:

  • кез келген аурудың белгілері бар үміткерді конкурсқа әкелмеу;
  • үміткерді маскамен қамтамасыз ету (маскасыз бала консультацияға жіберілмейді);
  • үміткерді конкурстық турға кешіктірмей алып келу, тыңдау аяқталғаннан кейін бірден алып кету керек.

Әкімшілік

«Күләш Байсейітова атындағы дарынды

балаларға арналған  РММОМИ»  РММ

 директоры Б.Т.Абдрашевқа

ата-анасынан/заңды өкілінен

     Т.А.Ә._____________________________________________ 

Телефон (WhatsApp)_________________________________ 

Тұрғылықты жері____________________________________

____________________________________________________

Электрондық пошта___________________________________

ӨТІНІШ

 «Күләш Байсейітова атындағы дарынды   балаларға арналған  РММОМИ» РММ-ге жоспарланған оқуға түсуге байланысты Сізден менің баламды


    ____________________________________________________________________________________   

                                        (Аты-жөні толық)

2022-23 оқу жылының күзгі каникул кезеңінде төмендегі мамандық бойынша өтетін  консультацияға тіркеуді сұраймын:

(қажетті мамандықтың астын сызу, бірнеше мамандық таңдауға болады)

  1. Арнайы фортепиано
  2. Скрипка
  3. Альт
  4. Виолончель
  5. Контрабас
  6. Арфа
  7. Үрмелі аспаптар (қалауы бойынша нақты аспапты көрсетуге болады, мысалы, флейта, кларнет және т.б.).  ________________________________________________________________
  1. Халық аспаптары  (қалауы бойынша нақты аспапты көрсетуге болады, мысалы, домбыра, қобыз, баян және т.б). _________________________________________________________
  • Интернатта тұру жағдайымен танысқыңыз келеді ме?             Иә    Жоқ

                                                                                                          (қажеттінің астын сызу)

  • Алматыға келу жоспарланған күн және Алматыдан кету күні (егер билеттер алдын ала сатып алынған болса, кету күні мен уақытын көрсеткен жөн)

       _____________________________________________________________                    

       (Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен келетін үміткерлер үшін)         

Күні       _____________

Қолы     _____________