2022-2023 оқу жылына оқушыларды қосымша қабылдау
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылында бос орындарға (барлығы 5 бос орын) қазақ тілінде білім алатындарға 2-3 және 5-11 сыныптарына және орыс тілінде білім алатындарға 2-7 және 9-11 сыныптарына оқушыларды келесі мамандықтар бойынша қосымша қабылдау жариялайды:
- арнайы фортепиано;
- скрипка, альт;
- виолончель, контрабас, арфа;
- халық аспаптары;
- үрмелі және ұрмалы аспаптар;
- хор дирижері;
- музыка тарихы, теориясы және композиция.
Конкурстық тыңдалуға ҚР балалар музыка мектептерінің, өнер мектептерінің, мамандандырылған музыкалық оқу орындарының оқушылары жіберіледі.
Бос орындарға түсу үшін конкурстық іріктеу мамандық бойынша үміткердің бағдарламасын (этюд, полифония, ірі форма, пьесалар және т.б.) қабылдау комиссиясының тыңдауы және оның теориялық білімі көлемінің, практикалық дағдыларының деңгейін және түсу сыныбын ескере отырып, сольфеджио, музыка теориясы мен гармония бойынша мектептің оқу бағдарламасына сәйкестігін анықтау (парақтан оқу, сольфеджио бойынша әуен, естуін талдау, гармония бойынша кезеңдер мен секвенцияларды ойнау) жолымен жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін үміткердің ата-анасы (заңды өкілі) белгіленген мерзімде онлайн немесе офлайн форматта мектеп-интернатқа жауапты тұлғаға келесі құжаттарды тапсырады:
- баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
- ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- үміткердің 3х4 көлеміндегі фотосуреті;
- медициналық құжаттардың көшірлемелері: денсаулық паспорты, жеке медициналық карта (№ 26 н.), профилактикалық екпелер картасы (№ 63 н.);
- үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған анықтама;
- бар болса республикалық конкурстарға қатысқаны туралы дипломдардың көшірмелері қоса беріледі;
- электрондық үкімет порталы (e-gov) арқылы алынған, түрғылықты жерін растайтын құжат: өтініш берген күні тіркелген тұрғылықты мекенжайы туралы скриншот (мектеп жанындағы интернатқа мұқтаждар үшін);
- ағымдағы оқу жылындағы оқу үлгерімінің табелі (сканерленген);
- өзіндік жоспар (музыка мектебінен сканерленген).
Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 03 тамыздан бастап 25 тамызға қоса алғанда электрондық форматта (сканерленген) пошталық мекенжайға жіберу арқылы жүзеге асырылады Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..
- Мектепке оқушыларды қабылдау Қағидаларымен мектептің kz сайтында танысуға болады.
Анықтама телефоны: Байланыс телефондары (қала коды - 727):
394-91-45 (қабылдау бөлімі)
394-94-60 (қабылдау комиссиясы)
Үміткерлерді тыңдау
2022 жылы 31 тамыз сағат 11.00 де
Үлкен концерт залында өткізіледі
Ата-аналардың (немесе өзге де заңды өкілдердің) назарына !!!
Коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау қажет:
- кез келген аурудың белгілері бар үміткерді конкурсқа әкелмеу;
- үміткерді маскамен қамтамасыз ету (маскасыз бала тыңдалуға жіберілмейді);
- үміткерді конкурстық турға кешіктірмей алып келу, тыңдау аяқталғаннан кейін бірден алып кету керек.
Әкімшілік
Қосымша № 1
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды
балаларға арналған РММОМИ» РММ
директоры Абдрашев Б.Т. мырзаға
ата-анасынан/заңды өкілінен
Т.А.Ж.__________________________________
Жеке куәлігінің №_________________________
Берілді (кім және қашан)______________________
________________________________________
________________________________________
Тіркелген тұрғылықты жерінің мекенжайы ________________________________________
Нақты тұратын мекен-жайы
________________________________________
Телефон_________________________________
Өтініш
Менің баламды (аты-жөні толық)
__________________________________________________________________
Туған жылы_____________ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» РММ оқу үшін конкурстық іріктеуге_____сыныпқа, ______________________________
(мамандық көрсету)
мамандығы бойынша қабылдауыңызды сұраймын.
Оқыту тілі: қазақша/орысша
Интернатта жататын орын _________________________________________
(керек, керек емес)
Қолы ____________
Күні_____________