Дарынды балаларға арналған мамандандырылған 

музыкалық орта мектеп оқушылары – Қазақстанның

жас орындаушыларының ХI республикалық

конкурсы туралы

Ереже

 

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған  музыкалық орта мектеп оқушылары – Қазақстанның жас орындаушыларының ХI республикалық конкурсы туралы ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңына, «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық конкурстары мен фестивальдарын өткізудің үлгілік қағидаларына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

  • Осы ереже ҚР мамандандырылған музыкалық орта мектептері оқушыларының орындаушылық шеберлік бойынша республикалық конкурсқа қатысуын және оны ұйымдастыру тәртібін регламенттейді.
  • Осы ереже Конкурстың мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру-әдістемелік қамтылуын, қаржыландыру тәртібін, сондай-ақ жеңімпаздары мен жүлдегерлерін (лауреаттарын) анықтау тәртібін белгілейді.
  • Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» РММ болып табылады.

 

  1. Мақсаттары мен міндеттері
  • Қазақстан мектептерінің мамандандырылған музыкалық оқытудың міндеттерін іске асыру, стратегиялық даму индикаторларын орындау, педагогтер ұжымының жұмыс нәтижелілігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу.
  • Оқытудың түрлі деңгейлерінде музыкаға дарынды балалардың шығармашылық дамуы, жас музыканттардың кәсіби орындаушылық дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыс формаларын іске асыру, отандық және әлемдік музыкалық білім беру саласындағы білімдерін жетілдіру.
  • Мектептердің оқушылары арасында талантты, перспективалық орындаушыларды анықтау, олардың орындаушылық шеберлігінің деңгейін көтеру, өзіндік дамуы мен өз қабілеттерін іске асыруы үшін жағдай жасау, сахналық мәдениетті қалыптастыру, музыка өнерінің үздік үлгілері мысалында конкурс қатысушыларының музыкалық талғамы мен стильді сезінуін тәрбиелеу және дамыту;
  • Оқушылардың орындаушылық шеберлігін жетілдіру, музыкаға дарынды балаларды кәсіби және шығармашылық тұрғыдан дамыту, республиканың талантты жастарын қолдау, Қазақстанның музыка өнерін насихаттау.

 

  1. Конкурстың негізгі талаптары
  • Конкурс көктемгі демалыс кезеңінде 2023 жылғы 19 наурыз бен 26 наурыз  аралығында  «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» РММ базасында  өткізіледі (Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 304). Конкурс оффлайн форматта өтеді.

3.2. Конкурсқа Қазақстан Республикасының дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектептерінің оқушылары қатысады.

  • ҚР Дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектеп оқушыларының – Қазақстанның жас орындаушыларының ХI республикалық конкурсы төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:
  • Арнайы фортепиано
  • Үрмелі және ұрмалы аспаптар (флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон, валторна, труба, тромбон, туба, ұрмалы аспаптар)
    • Конкурс кіші, орта және ересектер топтарында өткізіледі.

 

 «Арнайы фортепиано» номинациясында:      

                     

  • кіші топ – 10- жасқа толмағандар мен толғандарды қоса алғанда;

2)   орта топ -  11-жастан - 14 жасқа дейін қоса алғанда;

3)   ересектер тобы  -  15 жастан - 19 жасқа дейін қоса алғанда;

 

 «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» номинациясында:

 

   ағаш үрмелі аспаптар  (флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон):                                 

1)  кіші топ - 13 жасқа толмағандар мен толғандарды қоса алғанда;

2)  орта топ -  14 жастан - 16 жасқа дейін қоса алғанда;

3)  ересектер тобы  -  17 жастан  - 19 жасқа дейін қоса алғанда;

 

мысты үрмелі  (валторна, труба, тромбон, туба)

1)  кіші топ - 13 жасқа толмағандар мен толғандарды қоса алғанда;

2) орта топ -  14 жастан - 16 жасқа дейін қоса алғанда;

3) ересектер тобы  -  17 жастан -19 жасқа дейін қоса алғанда;

 

ұрмалы аспаптар:

1) кіші топ – 13 жасқа толмағандар мен толғандарды қоса алғанда;

2) орта топ 14 жастан - 16 жасқа дейін қоса алғанда;

3) ересектер тобы  -  17 жастан -19 жасқа дейін қоса алғанда.

 

  • Қатысушылардың жасы я на пять ағымдағы жылдың 19 наурызына дейін анықталады.
  • Конкурс қатысушыларының өтінімде белгіленген өнер көрсету тәртібі мен бағдарламасы өзгертілмейді.
  • Республикалық конкурс қатысушыларының саны тәртіптемеге сәйкес белгіленеді – білім беру ұйымының әр жастағы тобынан аспаптар бойынша екі қатысушыдан аспауы тиіс. Бұдан алдын өткен  республикалық конкурста  Гран-при немесе бірінші орын алған білім беру ұйымдары сол номинациясы мен жас тобы бойынша үш қатысушы жіберуге құқылы. Алдын өткен Қазақстанның жас орындаушылары республикалық конкурсында Гран-при және І орын алған оқушылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

3.8. Басшылар конкурс өтетін орынға жету жолында, конкурс өткізу кезінде және тұрғылықты жеріне қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығына толық жауапкершілікті өздеріне алады. Басшыларды тиісті білім беру органдары тағайындайды.  

3.9. Іс-сапар кезінде балаларды сүйемелдеп келген педагогтер мен концертмейтерлердің еңбекақысы сақталады.

  • Республикалық конкурста оқушылары жеңімпаз, жүлдегер (лауреат) атанған педагогтер мен концертмейстерлер грамоталармен марапатталады. 

 

 

 

 

  1. Конкурсты өткізу тәртібі
  • Конкурс қатысушыларының келу күні – 2023 жылғы 19 наурыз. Конкурстың ашылуы – 2023 жылғы 20 наурыз. Конкурс қатысушыларын тыңдау – 2023 жылғы 20-25 наурыз аралығында өткізіледі. Конкурстың салтанатты жабылуы – 2023 жылғы 26 наурыз.
  • Конкурстың барлық турлары жария түрде өтеді.
  • ІІ турға конкурстың І турынан өткен қатысушылар жіберіледі.
  • Барлық шығармалар жатқа орындалады.
  • Шығармаларды орындау тәртібін конкурсанттардың өздері белгілейді.
  • Конкурс қатысушылары репетициялық залдармен қамтамасыз етіледі.
  • Қазылар алқасының құрамы конкурсты ашу салтанатында жарияланады.

4.8. І турдың конкурстық тыңдалымдарының нәтижелері тыңдалым өткізілген күні жарияланады. Қорытынды нәтижелер – конкурсты жабу салтанатында 26 наурызда жарияланады.

4.9. Ұйымдастыру комитеті конкурс қатысушыларының өнер көрсетуін трансляциялауға, жазып алуға және таратуға құқылы.

4.10.  Қатысуға өтінімдер  2023 жылғы 3 наурызға дейін қабылданады.

 

                                         

  1. Өтінімдерді беру тәртібі

Өтінімдер 2023 жылғы 3 наурызға дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына қабылданады. Құжаттар пакеті толық болмаған кезде өтінімдер қабылданбайды. 2023 жылғы 3 наурыздан кейін өтінімдер қабылданбайды.

 

Конкурс қатысушылары құжаттарының тізімі:

  • өтінімнің электрондық түрде толтырылған бланкі (қатысушының, педагогтің және концертмейстрдің аты-жөні міндетті түрде құжаттарына сәйкес компьютерде терілуі тиіс). Өтінім нысаны қоса беріліп отыр (№1 қосымша);
  • оқу орнынан анықтама;
  • туу туралы куәліктің (жеке куәлік немесе төлқұжат) көшірмесі, ЖСН;
  • бағдарламаның  дыбысталу  уақытын белгілей отырып, өнер көрсету бағдарламасы;
  • фотосурет.
  • мектеп жанындағы интернатта тұру үшін – эпидемиологиялық айналым туралы анықтама.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы

  050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Байзақов көшесі 304.

 Мектеп сайты: www baiseitovaschool.kz

 

 Анықтама үшін телефон: 8-727-394-96-05 – Сурапбергенова Светлана Алмабаевна

 

  1. Қазылар алқасының жұмысы

6.1.  Қазылар алқасы алдынғы қатарлы танымал мамандар - музыканттар мен педагогтерден тұрады.

  • Қазылар алқасының құқықтары:
  • кейбір дипломдарды тағайындамау;
  • республикалық конкурстың І турында өнер көрсеткені үшін грамоталар беру;
  • үздік педагогтер мен концертмейстерлерді дипломдармен марапаттау;
  • асқан шеберлігі, музыкалық қабілеті, Қазақстан композиторларының шығармаларын үздік орындағаны үшін, жеңіске деген ынтасы үшін және т.б. арнайы сыйлықтар тағайындау;
    • Қазылар алқасының шешімдері соңғы болып табылады және қайта қарастырылмайды.

 

  1. Марапаттау

7.1 Конкурстың жеңімпаздары  I, II, III дәрежелі дипломдарымен мараппатталады.

  • Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, фирмалар мен жеке тұлғалар, ұйымдастыру комитетімен келісе отырып, басқа да арнайы сыйлықтар тағайындауы мүмкін, олар өз қалаулары бойынша табысталатын болады.

 

  1. Конкурсты қаржыландыру

 

  • Республикалық конкурсқа қатысушылардың екі жаққа жол жүру, тұру және тамақтану ақысын жіберуші тараптың есебінен төленеді.
  • 10 000 теңге көлеміндегі кіру жарнасын қатысушылар конкурсқа келген кезде төлейді.

Ұйымдастыру комитеті басқа жерлерден келген қатысушыларға мектеп жанындағы интернатта тұру орны мен тамақтануын ұйымдастырады.