Арнайы фортепиано бөлімі Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ бейінді мамандығы болып табылады. Әр жылдары бөлімді: Еңбек Қызыл ту орденнің кавалері – Шаврина Л.Г., ҚазССР Халық білім беру ісінің үздігі - Тлеубаева Т.Т. басқарған. 1984 жылдан бастап бөлімді ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері – Коспанова А.Ш. басқарады. Оның арқасында мықты, кәсіпқой, достық қарым-қатынаста ұстаздар ұжымы құрылды.
Бөлімде әртүрлі әдістемелік жұмыстар жүргізіледі, мұғалімдер шеберлік кластарына қатысып, ашық сабақ жүргізеді, әдістемелік есептер мен хабарламаларды тыңдап, тәжірибелерімен бөліседі. Мамандық бойынша мұғалімдер, музыка-теориялық пәндер оқытушылары мен оқушылардың ата-аналары тығыз қарым-қатынаста. Педагогтардың сабақтарында академиялық концерттер өткізу қызығушылық тудырады. Бағдарламаны 1-12 сынып аралығындағы оқушылардың барлығы ойнайды. Бұл тыңдалым мұғалімдердің жұмыс әдістерін салыстыруға, әрбір мұғалімнің және бөлімнің жұмысындағы күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Бөлімде 10 балдан тұратын оқушының оқу үлгерімін бағалаудың жаңа критерийін жасады. Оқушы өнер көрсетер алдында оның тек аспаптағы ойыны ғана емес, сонымен қатар репертуарды дұрыс таңдауы, мәтіннің сауатты орындалуы, эмоциялық толықтығы, стилі мен жанрына сәйкестігі және т.б. бағаланады.
Бөлімде әрдайым концерттер өткізіледі. Осылайша көне музыка кештері, романтикалық композиторлар мен кеңестік композиторларға арналған концерттер, қазақ орындаушыларының шығармаларынан алынған концерттер, «Көктемгі джаз» және «Күзгі блюз» джаз концерттері, тақырыптық концерттер өткізілетін.
Көпшіліктің алдына шығып сөйлеу, балаға сахнада өзін еркін сезінуге көмектеседі, олардың қабілеттеріне сенімділік береді.
Қазір интеграция туралы көп айтады, сондықтан да осындай концерттер өткізу арқылы бөлімдегі интеграциялық үдерістер туралы, яғни әртүрлі салалардан білім беруді қолдана білу үдерісі, оқушылардың өз шығармашылығын белсенді түрде білдіру ынтасын дамытуға болады. Музыка-теориясы және жалпы білім беру бөлімдерімен бірлесіп өткізілген осы концерттерде біздің балалар өздеріне сахналық образ, костюмдерді таңдап, афиша дайындап, концерт тақырыбына сай келетін (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) өлең оқиды, тіпті оларды өздері шығарады.
Конкурстар шеберлікті жақсартуға маңызды ынталандыру болып табылады. 2014 жылғы желтоқсанда айында «Қазақстан Республикасы тұңғыш президент күніне» арналған ашық қалалық конкурс өткізілді.
Нәтижелері осындай:
1 орын – Шакирова С. – педагогы Коспанова А.Ш;
1 орын – Еркинызы Д. – педагогы Сапарова Г.К.;
2 орын – Кунесова М. – педагогы Тналин Ш.К.;
2 орын – Жаханбекова А. – педагогы Шайкемелов Е.К. ;
2 орын – Жақанбек А. – педагогы Шайкемелов Е.К.;
3 орын – Мұқаметқазықызы А. – педагогы Гизатова А.Б.;
3 орын – Дүйсенбекова В. – педагогы Тналин Ш.К.
3 орын – Абишева А. – педагогы Филиппова Т.Б.;
3 орын – Мартынова Н. – педагогы Т.Шағалимова;
Арнайы диплом «Қазақстан композиторлары шығармаларының үздік орындаушысы» үшін – Дүйсенбекова В. – педагогы Тналина Ш.К.;
Диплом «Шетел композиторларының үздік орындаушысы» үшін – Мартынова Н. – педагогы Шагалимова Т.И.; Сертификат – Рашит А. – педагогы Шайкемелова Э.К.
2013 жылдың маусым айында халықаралық конкурс-фествальде (Түркия-Анкара) Мұқаметқазықызы А. 1-орын алды, педагогы - Гизатова А.Б. ҚР елшісінен алғыс хат берілді.
2014 жылдың маусым айында халықаралық конкурс-фествальде (Түркия) Нұрбаев Д. 2-орын алды, педагогы - Коспанова А.Ш.
2015 жылдың шілде айында 28-ші халықаралық жас орындаушылар конкурсында «Giovani Talenti e Premio Rovered’Oro» Италия (Сан-Бартоломео): Мұқаметқазықызы А. 1-орын алды, педагогы - Гизатова А.Б.
2015 жылдың сәуір айында Астанақаласында І халықаралық фортепианалық дайындық конкурсы өтті. Нәтижесі:
Гран-при және арнайы диплом «Классикалық шығарманы үздік орындағаны» үшін – Томпаков Т. – педагогы Гизатова А.Б.;
1 орын – Шакирова С. – педагогы Коспанова А.Ш.;
1 орын – Еркінқызы Д. – педагогы Сапарова Г.К.;
2 орын – Тажиева А. – педагогы Коспанова А.Ш.;
2 орын – Дуйсенбекова В. – педагогы Тналина Ш.К.;
2 орын – Аспан Е. Және Аубакиров Ж. – педагогтары Гизатова А.Б.;
2 орын – Давлетова А. – педагогы Шагалимова Т.И.;
2 орын – Мурзагулова А. – педагоыг Уразбаева Л.Ч.;
2 орын – Кенжегали А. және Мейрбекова Э. – педагогтары Уразбаева Л.Ч.;
3 орын – Мухитқызы М. – педагогы Шайкемелова Э.К.;
3 орын – Отемис Ж. – педагогы Гизатова А.Б.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» РММ арнайы фортепиано бөлімінің көпжылдық педагогикалық тәжірибесі таңдаған жолдың дұрыстығын көрсетеді. Шығармашылық ізденістер жалғасады.
П.И.Чайковскийдің 175 жыл толуына арналған концерттің қатысушылары:
Қазақстан композиторларына арналған концерт: