Үрмелі аспаптар бөлімі Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ-ның ашылған күнінен бастап жұмыс істейді.
Мектепке директор қызметіне талантты музыкант, ҚР Білім және ғылым министрлігінің тәжірибелі мүшесі Абдуллаев О.А. келуімен терең, түбегейлі өзгерістер болды. Оның бастамасы бойынша бөлімде Биг Бенд және Диксиленд үрмелі оркестрі құрылды.
1999 жылы мектепте эстрада бөлімі құрылды. Соның нәтижесінде алғаш рет Қазақстандағы мамандандырылған музыкалық мекемелерде эстрадалық аспаптарда терең кәсіби түрде үйренуге мүмкіндік туды: саксофон, гитара, ұрмалы аспаптар, джаз трубасы, ритм және бас гитара, сондай-ақ оның негізі джаз импровизациясы, аранжировка, дирижирлеу. Музыканы эстрадалық орындау бөлімінде радио және телевизияның танымал эстрадалық оркестр музыканттары қызмет атқарды: В.М. Баннов, К.И. Добровольский, В.В. Тихонов.
Бүгінгі күні бөлімде: бөлім меңгерушісі, Халықаралық конкурстардың лауреаты, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты –Михлина М.С., Мәдениет саласының құрметті қайраткері – Кармысов А.К., Мәдениет саласының құрметті қайраткері - Глебов В.А., ҚР Халық әртісі, профессор - Клушкин Ю.С., Баннов В.М., Бектаев К.Т., Добровольский K.И., Жакупов Б.Е., Казмирук T.И., Завацкая Г.А., Тихонов В.В., Мұхамеджанов Д.Д., Левушин O.В. қызмет атқарады.
Үрмелі және ұрмалы аспаптар бөлімінің оқушылары жыл сайын өтетін Қазақстанның және шет елдердегі түрлі конкурс-фестивальдарына қатысып жүлделі орындарға ие болады.