Жаһанданудың заманында, өркениетке қол созған бәсекелестік кезеңінде дара ұлттық мәдениетімізді сақтай отырып, насихаттап, оның асыл мұрасын әлемге паш етіп, келешек ұрпаққа қалдыру – халық аспаптар бөлімінің басты мақсаты болып келеді.
Бөлімінің өзіндік мектебі, тарихы мен орны қалыптасқан, 40 жылдан астам ғұмыры бар ұлттық рух пен мәдениеттің негізін салып, көптеген өнерлі жастарды тәрбиелеп, әлемдік өркениетке қанат қақтырған Күләш апамыздың атындағы киелі шаңырақтың бір керегесі деуге лайық.
Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты 1948 жылы бой көтеріп, мектептің ашылуына үлкен ықпал жасаған Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының алғашқы ректоры – И.В. Круглыхин еді. Халық аспаптар бөлімі алғашқыда үрмелі және халық аспаптары бөлімі болып құрылды. Бөлім меңгерушілері болып – Н.Д. Передри мен З.М. Мырзахметовалар жұмыс істеді. Қазақтың өзге елге ұқсамайтын бөлек ұлттық болмысын даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгінің бірі – халқымыздың аса бай музыкалық мұрасы. Халық аспаптары бөлімінің алдына ғасырдан - ғасырға жалғасып келе жатқан дәстүрлі өнерімізді зерделеу, әр аймақта белгілі өнер мектебін қалыптастырған дарынды тұлғаларды олардың шығармашылық мұралары арқылы тереңдете оқыту мақсаты қойылды. Жаңа білім ордасының домбыра класында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі - Дүйсебек Толымбеков Құрманғазы атындағы Академиялық Халық аспаптар оркестрінің әртісі және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, дарынды шертпе күй шебері - Уәли Бекенов жас жеткіншектерді домбыра аспабында ойнауға баулыды. Қобыз класында Құрманғазы атындағы академиялық Халық аспаптар оркестрінің әртістері: Қазақстан Республикасының Халық әртисі Гүльнафиз Баязитова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Алмажан Шагирова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі қобызда ойнаудың асқан шебері Досымжан Күзенұлы Тезекбаевтар сабақ берді.
1986 жылдан бастап мектепте халық аспаптарында орындаушылар өз алдына жеке бөлім болып құрылды. Бөлімнің мақтанышы мен үлкен жемісі деп 70 адамнан құралған Халық аспаптар оркестрін атап айтсақ болады. Үлкен сахналарда өнер көрсетіп, көрермен көзайымына айналған ұжым үздік шығармашылық жетістігі үшін Республикалық конкурстың лауреаты атағын жеңіп алды. Репертуарында екі жүзден астам шығармалары бар оркестр ұжымы Қазақстанның Ермек Серкебаев, Нариман Қаражігітов, Нурғали Нүсіпжанов, Роза Рымбаева, Нұржамал Үсенбаева, Майгүль Қазтұрғанова, Ұлан Кенжебеков, Құрманбек Әлімғазы сияқты әйгілі әншілерін сүйемелдеп, Республика Сарайының , Абай атындағы опера және балет театрының, Жамбыл атындағы филармониясының, Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайының сахналарында өнер көрсетіп, үнемі шығармашылық ізденіс үстінде өсіп келе жатқанын талғампаз көрерменге мойындатып келеді. Халық аспаптар бөлімінде құрылған Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты «Асыл мұра» фольклорлық ансамбліне Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жамағат Темірғалиев жетекшілік етеді. Ансамбль Алматы, Астана, Мәскеу, Екатеринбург, Душанбе, Ашхабад, Бішкек қалаларында өткен Халықаралық конкурстар мен фестивальдардың лауреаты атағына ие болып, көптеген өнер бәйгелерінде оздық шығармашылық жетістіктерімен көрінді. Өнер ұжымының кәсіби тұрғыдан өсуіне әр жылдары жетекшілік еткен Қанатбек Сәден мен Сейітқали Қашағановтардың зор еңбек сіңіріп, маңдай терлерін төккенін атап өткен орынды. Ұлы Отан соғысындағы ұлы Жеңістің торқалы тойына арналып өткізілген Мәскеу қаласындағы Халықаралық конкурста Нукеев Марат (домбыра) пен Ефременко Алексейдің (баян) камерлық ансамблі Гран –При жүлдесін жеңіп алды. Бұл ансамбльге жетекшілік жасап, оның кәсіби деңгейін шыңдауға ұлағатты ұстаз Абдуллаев Оңдасын Абдуллаұлының сіңірген еңбегі зор. Сонымен қатар, Халық аспаптар бөлімінде домбырашылар ансамблі (кіші және үлкен топ жетекшісі – Қайырбек Нұрышұлы Адилов); Қобызшылар ансамблі (кіші топ жетекшісі – Айнагуль Біләлқызы Адилова); Үлкен топ жетекшісі–Гульмира Нуркелдіқызы Тенизбаева); Қыл қобызшылар ансамблі (жетекшісі–Дүйсенбаева Жазира) сияқты танымал өнер ұжымдары жұмыс істейді. Мектептің оқу жоспарына сәйкес оқушылар 5 сыныптан бастап халық арасында аз тараған: Жетіген, саз сырнай, сыбызғы, шаң қобыз, шертер сияқты фольклорлық аспаптардан қосымша сабақ алады және домбырамен қосылып ән айтуды үйренеді.
Халық аспаптар бөлімінде домбыра, қобыз, қылқобыз, шертер-прима, баян аспаптарынан көптеген майталман ұстаздар сабақ берді. Атап айтқанда: Дүйсебай Толымбеков, Уәлі Бекенов, Алмажан Шагирова, Досымжан Тезекбаев, Гүлнафис Баязитова, Меруерт Каленбаева, Қаршыға Ахмедьяров, Тұрлығазы Шаяхметов, Базархан Қосбасаров, Ғалия Молдакаримова, Раушан Мұсаходжаева, Әбдіманап Жұмабекұлы ж.т.б.
Бүгінгі таңда бөлім оқушылары аға буын ұстаздар, кәсіби шеберлігі асқан, қазақтың музыка өнерінің дамуына өз үлестерін қосып жатқан белгілі педагогтардан дәріс алып, аспапта орындаудың қыр-сырын меңгеруде. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – профессор Біләл Ысқақов, Жанас Бекентұров, Жамағат Темірғалиев, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі–Ержан Қосбармақов; Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері–Қайырбек Әділов, Қазақстанның мәдениет қайраткерлері–өнертану ғылымының кандидаты Ғалия Уразалиева, Білім беру ісінің үздігі Сейітқали Қашағанов ж.т.б. Өнер майталмандары жас ізбасарларларын білім алуға баулып, шығармашылығын дамытумен қатар, тұлғалық қабілеттерін қалыптастыруда зор еңбек сіңіруде. Сонымен қатар, аға ұстаздардан тәлім алып, өнердегі іс-тәжірибелерін жетілдіріп және жалғастырып жүрген орта және жас буын ұстаздар қатары көбеюде: Мәдениет саласының үздігі–Гүлмира Теңізбаева, ұстаздар–Гаухар Әділова, Айнагүл Әділова, Құралай Бақтыбаева, Дана Оспанкулова, Дүйсенбаева Жазира, Бабек Илдырымлы, Алшораз Дидар, Нұрғали Төлеби, Сауыт Жандос, Жұрбай Ақайша т.б. Олар жас музыкант-орындаушыларды оқытып-тәрбиелеуде жоғары нәтиже көрсетіп, Республикамыздың жоғарғы орындарына дарынды жастарды түлетіп шығаруда үлкен жетістіктерге қол жеткізуде. Оған дәлел–бөлім оқушылары жыл сайын Республикалық және Халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.
Бүгінгі күні бөлім меңгерушісі болып, домбырашы маман Ибраева Асылзат Адамовна қызметін жалғастыруда.
Ибраева Асылзат Адамовна 1982-1990 жылдар аралығында А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатында Асқаров Ш.А. сыныбынан білім алып, 1990-1995 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясын профессор А.Тоқтағанның сыныбынан оқуын тәмамдаған. 1993-2005 жылдары Құрманғазы атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрінде қызмет жасап, 2005-2009 жылдар аралығында Атырау қаласында Дина Нүрпейісова атындағы академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрінде әртіс қызметінде болды. Сонымен қатар балалар саз мектептерінде қосымша ұстаздық қызмет атқарды. 2009 жылдан бастап Алматы қаласындағы №83 Гимназияда ұлт аспаптар бөлімінің ұстаздық дәрісімен қатар, меңгерушілік лауазымында болды.
Жас орындаушылардың Республикалық, “Жігер” Республикалық фестивалінің, Дина Нурпеисова атындағы қыз-келіншектер конкурсының лауреаты, Құрманғазы атындағы 2-Республикалық конкурсының дипломанты.
2021 жылдан бастап Күләш Байсеитова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының Халық аспаптар бөліміне қосымша ұстаздық қызметке келіп, 2022 жылдан бастап негізгі ұстаздық қызметке ауысып, бүгінгі күні осы аталған бөлімнің меңгерушісі қызметін атқарып жүр. Бүгінгі таңда талантты шәкірттер тәрбиелеп, еліміздің жас буынын Республикалык, қалалык, Халықаралық конкурстардың лауреаттарын дайындауда көп жетістіктерге жетті.
Шеберліктің шыңына жетіп, қаншама өркениетті елдердің оқу үрдісін бақылай отырып, өз ұжымының педагогтарының білімін шыңдап, жетілдіріп, өркениетке ұмтылған білім ордасын 37 жыл басқарған, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті доценті, халық аспаптар бөлімінің ұстазы - Абдуллаев Оңдасын Абдуллаұлының еңбегі ерекше орын алады.
Әлем сахналарында өз орындарын тапқан өнерлі тұлғалар туралы сыр шертетін болсақ, бүгінгі таңда мектепті бітірген түлектеріміз қазақ музыка мәдениетінде абыройлы қызмет атқарып, көптеген Халқаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары атанып, елімізге танылып келеді. Оңдасын Абдуллаұлы - ұстаздық тәжірибесінде жас таланттарды кәсіби шеберлікке баулып, шығармашылық ізденіске дағдыландыру жолында зор жетістіктерге қол жеткізді. Соның нәтижесінде көптеген шәкірттері Халықаралық, Республикалық байқауларда жоғары деңгейлі өнер көрсетіп, лауреат атанды. Олар: Ефременко Алексей, Крюков Илья, Петров А., Вист Эдуэрд, Бердігұлов М., Войтехович Олег, Бекмолдинов Нартай, Толқынхан Самғар, Сауыт Нұрсұлтан, Закиров Ринат, Төлеутайұлы Ерен,Фуатұлы Данияр, Сауыт Жандос, Жетпісұлы Елжан, Мухаметқазықызы Айман. Оңдасын Абдуллаұлының шығармашылық, педагогикалық ізденісінің тағы бір тамаша жемісі - Марат Нукеев (домбыра) пен Алексей Ефременконың (баян) дуэты Москва қаласындағы Бүкілодақтық кокурста Гра-при жүлдесін жеңіп алуы. Оңдасын Абдуллаұлы музыкалық мектептер мен колледждерге арналған «Баянға арналған хрестоматия» (1981-1984 ж.) Қазақстан композиторларының шығармаларынан «Антология» оқулық кітаптарының авторы 2017ж. Сауыт Жандос және Жетпіс Елжан Ресейдің Челябы қаласында және алматыда өткен өткен Халықаралық конкурстарына қатысып оқушыларымыз табыспен оралды. Жастарға бағыт беріп, жоғарғы көрсеткіштерге жетудің шыңына жеткізген ұлы ұстаз әлі де ортамызда дәріс беруін жалғастыруда.
Әбдіманап Жұмабекұлы Халық аспаптар бөлімінің ұлағатты ұстазы, қылқобыз мамандығы бойынша әйгілі қобызшылар Дәулет Мықтыбаев пен Жаппас Қаламбаевтан, ғалым-этнограф Болат Сарыбаевтан тікелей білім алған, алғашқы санаулы кәсіби қылқобызшының бірі. Оқу министрлігінің жолдамасымен 1977 жылы Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектеп-интернатында тұңғыш рет қылқобыз класын ашып, бұл аспапқа мамандарды мектеп қабырғасынан бастап оқыту ісін Республикада бірінші болып жолға қойған қылқобызшы-педагог.
Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИда күні бүгінге дейін дәріс беріп, Республикамыздың өнер иелерін дайындауда еңбегі ұшан теңіз.
Бірнеше оқу әдістемелік еңбектердің, жүздеген мақалалардың, хрестоматиялар мен күй жинақтарының авторы болған ұстаз өнер алаңына әлемге танымал шәкірттер тәрбиледі. Олардың қатарында Республикалық және Халықаралық конкурстар мен фестивальдердің лауреаттары: Нағима Тұрманова, Гүлназ Шабанбаева, Батырбек Байназаров, Әлқуат Қазақбаев, Раушан Оразбаева, Жанар Жетпісова, Айман Қарсыбаева, Ақнар Шәріпбаева (Омарова), Дүйсенбаева Жазира, Ардақ Итекеева, Дариға Қабдырова, Алмат Сайжанов, Ақайша Жұрбай, Жадыра Аманова, Мақсат Медеубек, Әлина Матаева, Әділет Әзбаев, Олжас Құрманбекұлы, Мөлдір Ерболқызы, Бағжол Ақажанұлы, Дидара Рақыш, Азамат Жаханбек тағы басқалар. Барлық шәкірттері жаңа өскелең ұрпаққа білім беріп, бүгінгі күні еліміздің музыкалық мәдениетінің өркендеуіне ат салысуда.
1986 жылдан бастап Халық аспаптарында ойнаушылар өз алдына жеке бөлім болып құрылды. Кеңес Одағы мәдениет министрлігінің және Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Қайырбек Нұрышұлы Әділовтің жетекшілігімен кәсіби шыңдалу үстінде үлкен шығармашылық жетістіктерге қол жеткізді.
Оркестр құрамындағы өнер шеберлерімен бірге гастрольдік сапармен Кеңестер Одағының барлық Республикаларында және Дүние жүзінің 15 мемлекетінде өнер көрсетіп, қазақ халқының бай музыкалық мәдениетін әлем жұртшылығына таныту жолында жастық жігермен еңбек етті. Оркестрдің алдыңғы қатарлы домбырашысының өнерпаздығы, шебер орындаушылығы жоғары бағаланып, Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен Марапатталды. Қайырбек Әділов – кәсіби шеберлігі толысқан шағында 1986 жылдан бастап, Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп - интернатының «Халық аспаптар» бөлімінің меңгерушісі, домбыра класының ұстазы, әрі халық аспаптар оркестрінің дирижері қызметтерін абыроймен атқарып келеді. Бапкер ұстаз мектепте жұмыс жасаған 40 жыл ішінде – 30 шәкірт тәрбиелеген, оның 25-і Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары. Атап айтқанда: Ахмедьяров Ғалым, Нукеев Марат, Беспаев Мерамбек, Даниярова Бота, Оспанқұлова Дана, Көмекова Динара, Сахметова Марал, Әбильбекова Акбөпе, Мусрепова Жадыра, Бекбердиева Айгерим, Жұмат Адай, Тойболдиев Мадияр, Әлімғазы Дархан сияқты оқушылары қазіргі кезде Қазақстан Республикасының өнер майталмандары. Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының Халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі қызметінде Қайырбек Нұрышұлы өз ісін жетік білетін маман, дарынды ұстаз ғана емес, шебер ұйымдастырушылық қырын жарқырата көрсетті.
Қазақстан Республикасының радиосымен теледидарының алтын қорында Әділовтың домбырада орындауында 20-дан астап шығармалары сақтаулы. 2006 жылы 18 күйден тұратын «Әсем қоңыр» атты күй таспасы шықты. Дарын – Республикалық ғылыми практикалық орталығы баспадан шығарған «Қазақстан – ата жұртым, Қасиетім – ана тілім» атты кітаптарда әр жылдары шыққан «Дарынды ұрпақ – қанат жаймақ» атты мақалалар жинағы шықты.
Ысқақов Біләл Алпанұлы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы домбыра кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық ( 2004, Сеул қ.) және Республикалық конкурстардың (1978, 2000, 2005 ж.ж.) Бас жүлде иегері, көрнекті күйші - ғалым. 1986 жылдан консерваторияда дәріс беретін Б.Ысқақовтың «Домбыра үйрену мектебі» (1992), «Салтанат» (1995), «Қазақтың дәстүрлі музыка өнері» (2005), «Музыка оқыту әдістемесі» (2007), «Домбыра мамандығы пәніне арналған әдістеме» (2007), «Домбыраны тез үйрену тәсілі» (2001), «Сарыарқа саздары» (2007), «Алтай-Тарбағатай өңірінің домбыра күйлері» (2009), «Музыка сабағы» (2010), «Қазақтың халық күйлері» (2010), «Дәстүрлі өнердің алтын ұясы» (2015), «Төлеген толғаулары» (2019) атты т.б. еңбектері жарық көрген, жүзден астам ғылыми – әдістемелік мақалалары баспасөз бетінде жарияланған.
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының, «Қазақ музыкасы», «Қазақтың мың күйі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» атты антологиялық жинақтардың редакциялық алқа мүшесі болған профессор – Б.Ысқақовтың класынан жүздеген күйшілер дайындалды, олардың ішінен – Асылбек Еңсепов, Абылайхан Сқақов, Георгий Югай, Бейбарыс Хамзин, Еркін Ерген, Ольга Желтухина, Руслан Баймұқатов, Жігер Бертісов, Бекбол Құрақбаев, Қуат Аманжол сынды т.б.шәкірттері түрлі конкурстарда лауреат болып, бүгінде елге танымал күйшілер атанған.
Профессор Б.А.Ысқақов 2005 жылдан К.Байсеитова атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған орта музыкалық мектепке арнайы шақырылып, ұстаздарға ақыл- кеңес көрсетіп, домбыра мамандығынан қосымша дәріс беріп келеді. Мектеп қабырғасынан Зарина Оспанова, Салтанат Бақаева, Нұркен Слан, Аида Жахангер, Илияс Тұрсынбекұлы, Мәди Тулев, Ақылдас Оразбай, Әйгерім Болысбек сынды т.б. шәкірттері түлеп ұшып, түрлі Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары атанып, жоғары оқу орындарын бітіріп, айтулы мамандар қатарына қосылған өнерпаздар болды.
Оразалиева Қалия Абдуллақызы – Халық аспаптар бөлімінің Қобыз аспабынан ұстазы, профессор, өнертану ғылымының кандидаты. 1974 жылы Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп- интернатын, 1979 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік консерваториясын бітіреді. 1977-1981 жылдары Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыкалық училищесінде ұстаз, 1981-1986 жылдары «Отырар сазы » фольклорлы - этнографиялық оркестрінде концертмейстерлік қызмет атқарады. 1986 жылдан Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп - интернатында ұстаз болған жылдары оқушылары Республикалық түрлі конкурстарда жүлделі орындарды иеленді. Олар: Рахымжанова Эльмира, Нукеева Зухра, Мирбекова Дина, Нуркенова Әсель, Ильгунова Гульзия, Адилова Гаухар, Рахимова Еркежан, Ақылбек Әмина сияқты оқушылары бүгінде Қазақстанның мақтанышы, айтулы өнер шеберлері. 1998-2013 жылдары Қазақ Ұлттық музыка академиясында ұстаз, кафедра меңгерушісі болып қызмет етеді. Қалия Абдуллақызы - дарынды жас ұрпақтың бапкері ғана емес, сонымен қатар қобызға арналған репертуарды байытып, ұдайы толықтырып дамытуға арналған көптеген оқулықтар мен жинақтардың авторы. Атап айтқанда: «Қаракемер», «Жеті қобыз әуендері», «Қобыз аспабын сатылай үйрену», «Ғасырлармен үндескен қобыз», «Боташым», «Назерке» атты Қазақстан композиторларының шығармалар жинағы. Қалия Абдуллақызы - «Білім беру ісінің үздігі», Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін белгісімен марапатталған.
Сейітқали Халықұлы Қашағанов – Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. 1988-1994 жылдары «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрінде дирижерлік қызметін атқара жүріп, Қазақ өнерінде жарқын із қалдырған ұстазы Нұрғиса Тлендиевтің өнерпаздық өнегесінен үлгі алып, тәжірибе мектебінен өтеді. 1994 жылдан бастап Сейітқали Халықұлы осы мектеп-интернатта шертер, домбыра-прима, домбыра-бас аспаптарынан сабақ беріп келеді. Ол кәсіби деңгейі жоғары, шығармашылық белсенділігі мол ұстаз реттінде шертер, бас шертер, домбыра-прима аспаптарына арнап мектептің бағдарламасын жазды. Оқушылары: Мұхамедиев Ербол, Сәнкібаев Қуандық, Елемесова Ұлболсын, Асан Ерасыл, Абдрахманов Мейірмен, Сұлтанов Елеман, Абдрасидова Ельнара, Өмірбаева Жания, Құнсила Думан, Рахымдильдинов Ануар, Арынжанов Мухамед, Жалғасова Адина Республикалық конкурстарда лауреат атанып, жоғарғы оқу орындарында білімін жалғастрып, мәдениет саласындағы үлкен ұжымдарда еңбек етуде. Оның шәкірті– Мұқажанов Бауыржан Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының барлық сатыларын үздік дипломдармен бітіріп, сонымен қатар, бүкіл Ресейлік орындаушылар арасында өткізілген байқаулардың Гран При және 3 дүркін 1 орын, Астана қаласында өткізілетін Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран При жүлделерін иеленді. Бүгінгі таңда Мұқажанов Бауыржан Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында ұстазының жолымен педагог қызметін атқаруда. Шәкірт тәрбилеу жолында осындай биік көрсеткіштерге қол жеткізуге жол ашқан білікті маман әлі де жас дарындарды әлем сахнасына жетелеуде үлкен еңбек етуде.
Қосбармақов Ержан Әбутәліұлы – 1985 жылы Роза Бағланова атындағы байқауда бас жүлдені иеленеді, осы жылы Кенен Әзірбаев атындағы Республикалық конкурста лауреат атанып, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Адырна» ансамбліне әнші болып қабылданады. 1993 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының Халық әні кафедрасын бітіреді. Осы жылы I Республикалық жыршы- дастаншылар байқауында Бас жүлдені және Бұхар жырау атындағы арнайы сыйлықты жеңіп алады.
Ержан Әбутәліұлы–Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатында жұмыс жасаған жылдары оқушыларды қазақ тіліне, қазақ және халық композиторларының әндеріне баулуда үлкен еңбек сіңіруде.
Ержан Әбутәліұлы-«Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Мәдениет Қайраткері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Қазақстаның еңбек сіңірген әртісі, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталған.
Тенизбаева Гульмира Нұркелдіқызы – 1980-1991 жылдар аралығында Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатында білім алған. 1991-1996 жылдары аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын үздік бітіріп шығады. 1998 жылдан бастап өзі бітірген мектептің Халық аспатар бөлімінде ұстаздық қызмет атқарып келеді. Қазақстан Республикасының мәдениет Қайраткері. Шәкірттеріне талап қоя да, талаптандыра да білетін өз ісінің білгірі Гульмира Нұркелдіқызының: Сердалиева Әлия, Меңлібаева Ботакөз, Рахымжан Әсел, Мүсрепова Үміт, Саурыкбаева Ақбота, Сағатжанова Мадина, Тұрсынбек Аяулы, Дүйсенбекова Венера, Жунусова Зарина, Нұртай Асия, Төребай Әсел, т.б. сияқты талантты шәкірттері Республикалық фестивальдар мен конкурстардың лауреаттары. Халық аспаптар бөлімінің қобызшылар ансамбілін басқаратын Тенизбаева Гульмира Нуркелдіқызы - Республикалық конкурстардың лауреаты, «Қобызшылар ансамбліне арналған шығармалар» атты жинағының авторы. Ұстаздың жетекшілігімен
Адилова Гаухар Каирбековна - Жас орындаушылардың Республикалық конкурсының, Дина Нурпейісова атындағы Республикалық қыз-келіншектер конкурсының лауреаты. 1986-1997 жылдары аралығында Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп- интернатында білім алған. 1997-2002 жылдары аралығында Қазақ Ұлттық консерваториясын, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор Галия Молдакаримованың класынан тәмәмдап шығады. 1998 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін осы мектепте ұстаздық қызмет атқарып келеді. Шәкірттері: Сырғабаева Ақторғын, Аяпова Әйгерім, Еркебуланова Ажар, Алмасқызы Мөлдір, Нұрлан Жания сияқты Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты. «Қобызшылар ансамбліне арналған шығармалар» атты кітабы жарық көрді.
Адилова Айнагуль Билалқызы - 1987-1995 жылдары аралығында Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық Қазақ музыка орта мектебін бітіреді. 1995-2000 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында оқып оны үздік дипломмен аяқтайды. 2002-2004 жылдары аталған консерваторияның ассистентура – стажировкасын бітіреді. 2003 жылдан бастап Құрманғазы атындағы академиялық оркестрде жұмыс жасап қобыз группасының концертмейстерілігіне дейін көтеріледі. Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты. 2016 жылдан бастап Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының Халық аспаптар бөліміне жұмысқа келеді. Айнагуль Билалқызы әр жылдары өткен Құрманғазы атындағы Халықаралық, Тәттімбет атындағы Республикалық конкурстардың және Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Мектепте жұмыс жасаған жылдары: Смағұл Мөлдір, Асқарбек Әйгерім, Тұрсынбекқызы Аяла сияқты Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттарын тәрбиеледі. Бөлімнің қобызшылар ансамблінің (кіші топ) жетекшісі, «Қобызшылар ансамбліне арналған шығармалар» атты жинағының авторы.
Бахтыбаева Құралай Ахетқызы - 1988 жылы Чайковский атындағы музыка училищесіне түсіп, 1992 жылы домбыра класын үздік бітірді. 1992-1997 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының Халық аспаптар бөлімін ойдағыдай бітіріп, еңбек жолын К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатында ұстаздық қызметтен бастаған. Бапкер ұстаздың шәкірттері Халықаралық, Республикалық конкурстарында лауреат атағына ие болды. Олар: Рахымжан Әйгерім, Бибекова Гаухар, Тұрсынбек Ильяс, Жаханбек Аида, Сатыбалды Наурыз, Сылқымбай Ералы, Рысқұл Қайсар, Азиқұл Ален, Макей Жадыра, Садыхан Еркежан, Алтай Айсұлтан, Бақкелді Раяна т.б. Еліміздегі ахуалға байланысты пандемия кезінде онлайн сабақтар форматында дәрістер беріп, білім беру саласында жаңашылдық енгізіп, 2020 жылы ҚР МСМ тарапынан алғыс хатпен марапатталды. А. Сейдімбекті еске алу кешіне орай ұлы тұлғаның шығармашылығы жайлы лекция концертке баяндама оқыды.Күні бүгінге дейін ұлағатты ұстаз өз қызметін домбыра класы бойынша әдістемелік жұмыстарға белсенді қатысып, ашық сабақтар мен шеберлік дәрістерін абыроймен жалғастырып келеді.
Оспанқұлова Дана Ақылбекқызы - Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп- интернатын домбыра аспабынан бітірген соң, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясында білімін жалғыстырады. 2001 жылдан бері өзі оқыған мектепте домбыра аспабынан дәріс беріп келеді. Дана Ақылбекқызы балаларды домбыра аспабына ойнауға үйрету барысында көптеген жетістіктерге жетті. Атап айтқанда: Сейсен Асылжан, Айдарқызы Ақнұр, Қанат Амирлан, Берікқызы Ару, Кенеспек Бейбарыс, Меділхан Мерей, Жасынова Томирис, Бирбай Амира сияқты оқушылары, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары атанды.
Ол оқытудың алуан түрлі формаларын, әдіс-тәсілдері мен құралдарын пайдаланып, оқу процессіне инновациялық, оның ішінде ақпараттық білім беру технологияларын енгізеді. Ал, короновирус пандемиясы кезінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің медициналық қызметкерлердің балаларын домбыра тартуға онлайн үйрету жобасына белсенді қатысып, осы қызметі үшін ҚР МСМ тарапынан алғыс хатпен марапатталды. 2022 жылғы қазан айында ол Қазақстаннан тыс елдерде тұратын қазақтардың балаларын ұлттық аспаптарда ойнауға онлайн үйретуге жұмылдырылды. Осылайша, өзін шығармашылығы аса жоғары тұлға ретінде көрсетіп, өскелең ұрпақты дамытуға және тәрбиелеуге өз үлесін қосуда.
Дүйсенбаева Жазира Төлендіқызы А.Жұбанов атындағы Республикалық Музыка мектеп-интернатын қыл-қобыз мамандығының түлегі, Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаты, өнертану ғылымдарының магистрі.
2003-2015 жылдары Қорғаныс Министрлігінде фольклорлық тобында концертмейстер және жеке орындаушы болып жұмыс істеп, 2014 – 2018 жылдары П.И. Чайковский атындағы АМК қыл қобыз мамандығынан дәріс берді.
2004-2016 жылдары А.Жұбанов атындағы Республикалық Музыка мектеп-интернатында қыл-қобыз пәнінен ұстаз болды.
2018 жылдан бастап Күләш Байсейітова атындағы мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатында және Құрманғазы атындағы ҚҰК ұстаздық қызметін жалғастыруда. Өнерлі жастарды Республикалық және Халықаралық байқауларға дайындап, жеңімпаздар легін тәрбиелеп, жоғары жетістіктерге жетуде. Білікті маманның түрлі конкурстардың лауреаттары атанған шәкірттері – Адамтаева Мөлдір, Болат Арайлым, Ержан Жанайым, Батырбекова Зәуре т.б. Педагог белсенді әдістемелік жұмысты жүргізеді, аспабы бойынша оқу бағдарламаларын, конкурстық бағдарламаларды әзірлеуге қатысады. Өзінің кәсіби деңгейін көтеру үстінде тұрақты жұмыс жасайды.
Саргизова Гульнур Ғалымовна- К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ түлегі, Республикалық және Халықаралық байқаулардың жеңімпазы, өнертану ғылымдарының магистрі. 2007-2008 жж. Астана қаласының мемлекеттік филармониясының халық аспаптар оркестрінің қобызшылар тобының концертмейстері болып жұмыс атқарған. 2010-2013 жж. Президенттік мәдениет орталығының дәстүрлі театрының халық аспаптар ансамблінің орындаушысы болды. 2010-2015 жж. «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің концертмейстері мен жеке орындаушысы болып жұмыс атқарған.
Қазіргі таңда Саргизова Г. Құрманғазы атындағы ҚҰК қобыз және баян кафедрасының оқытушысы және К. Байсейітова атындағы РММОМИ-да ұстаздық қызметінде дарынды шәкірттер тәрбиелеуде. Әдістемелік сабақтар және концерттік шығармашылығымен жас буынға білім беруде өз деңгейін шыңдауда.
Жұрбаева Ақайша 1993-2003ж. Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернатында қыл қобыз аспабы бойынша Әбдіманап Жұмабекұлы сыныбынан аяқтады
2003-2007 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлтық Консерваторияны қыл қобыз классын бітірді, ұстаз Әбдіманап Жұмабекұлы.
2007 жылы Қазақтың Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Академиялық халық аспаптар оркестріне қыл қобызшы қызметінде істейді.
2017 жылы Елбасы бастамасымен Елордада өткізілген «Expo-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында болған ұлттық өнерімізбен мәдениетімізді көрсетуге бағытталған ауқымды іс-шараларға ұйымдастыру тұрғысынан ерекше үлес қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаты.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының оқытушы қызметінде жұмыс атқарарып, жас өспірімдерді қобыз дәстүрімен таныстырып, оқытушылық тәжірибені шыңдауда.
Алшораз Дидар 2012 жылы К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РОМММИ мектебін тәмамдап, 2013 ж. Құрманғазы атындағы ҚҰК «дәстүрлі музыка өнері» факультетіне «домбыра» мамандығы бойынша аяқтап, 2017 ж. Н.Тілендиев атындағы фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінде жұмыс істеді.
2017 ж. Құрманғазы атындағы ҚҰК магистратураға түсіп, 2019 ж. өнертану ғылымдарының магистрі атанды.
Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаты.
2021 жылдың қыркүйек айынан бастап К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының оқытушы қызметінде жұмыс атқарарып, концерттік шараларды ұйымдастыруда үлкен жетістіктерге жетуде.
НұрғалиТөлеби А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкамектеп интернатының түлегі. 2007-2013 жылыҚазақұлттық музыка академиясын, 2013-2017 жылыҚұрманғазыатындағыҚазақұлттықконсерваториясындаұстазпрофессорТ.Тоқжановтыңсыныбынан аяқтады.2018-2020 жылыҚХР, Пекинекінші шет тілдер университеті, туризм менеджмент мамандығы бойынша магистратураны тәмамдайды.2021 жылы сәуір айынан бастап Кұрманғазы атындағыҚазақ Ұлттықхалық аспаптар оркестрінде жұмыс атқарады.2022 жылдан бастап К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ ұстаздық қызметімен қатар оркестр орындаушысы ретінде өнерін шыңдауда.Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаты. Бүгінгі таңда жас ұрпақты домбыра аспабын меңгеруге белсенді ат салысып, мектептің концерттік бағдарламасына домбырашылар ансамблін дайындап, өнерін шыңдауда. Халық аспаптар бөлімінің жеке орындаушыларының, ансамбльдерінің және оркестрінің концерттік бағдарламалары бай, репертуар қорын ұдайы жаңғыртып, жаңа шығармалармен толықтырып отырады. Шығармашылық ізденуден талпынысы зор ұжымның шеберлігін ұштау арқылы үздік нәтижеге жетіп келеді. Осындай шыңдалу мектебінен өткен түлектердің 100%-ы жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыруға мүмкіндік ала отырып, мемлекетіміздің өнерін әлемге танытуға лайық тұлғалар тәрбилейді. Құрылғанына 75 жыл толып отырған мектептің халық аспаптар бөлімінен 250-ден астам жас түлек үлкен өнер айдынына қанат қақты. Олардың қатарында-Ғалым Ахмедьяров, Эльмира Рахымжанова, Мейрамбек Беспаев, Жазира Ұзақбаева, Әсель Нуркенова, Гульзия Ильгунова, Марат Нукеев, Алексей Ефременко, Илья Крюков, Қарақат Абілдина, Ләйлә Тәжібаева, Гүлнұр Саргизова, Нартай Бекмолдинов, Салтанат Бакаева, Мақсат Медеубеков, Әділет Әзбаев, Ерболат Қорғанбеков, Әсель Рахымжан, Ақторғын Сырғабаева, Үміт Мусрепова, Олжас Құрманбекұлы, Аида Жаханбек, Азамат Жаханбек, Мадияр Тойболдиев, Әйгерім Аяпова, Ажар Еркебұланова, Бота Меңлібаева тағы басқа дарынды өнерпаздар Республика жұртшылығының шынайы сүйіспеншілігіне бөленді. Өркениетті ұлт, ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлімдік өркениеттің алтын қорына қосқан аға буынының үлесімен өскелең ұрпаққа қалдырған білімімен мақтан тұтады. Өнер сахнасындағы түлектер Құрманғазы атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрінде, Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрінде, Астана қаласындағы филармониялық Академиялық оркестрі мен Президенттік ансамбілінің құрамында еңбек етуде. Олардың арасында орындаушылықпен қатар ұлағатты ұстаздық пен ғылыми жолды тізгіндеп жүргендері де баршылық. 75 жылдың ішінде жеткен жетістіктер халық аспаптары бөлімінің ұстаздарының елеулі еңбектері мен өнер мен мәдениетімізге деген сүйіспеншіліктің, ортақ мақсаттар мен сапалы білім беруге деген құштарлығының нәтижесі.